XXX жазғы Олимпиада ойындарындағы жарыс түрлерінің бәріне қатысуды арман еткен колчестрлік (қала аты) есепші Конрад Ридман британдықтар велотректен алтын алған күні кенеттен көз жұмып кетті.
Көп жылдардан бері есепші болып жұмыс атқарған 49 жастағы Колчестр өңірінің тумасының бұл өлімі көпшілікті таң-тамаша қалдырып отыр. Себебі, өмірінде бірде-бір рет аурухана табалдырығын аттап көрмеген, жүрегіне ауырлық түспеген азамат кенеттен өліп кетті дегенге кім сенеді. Көлік апаты, тағысын басқа оқыс оқиғалардан көз жұмып жатса түсінуге болатын еді.
Анықталғандай, Конрад Ридман күніне үш мезгіл олимпиада ойындарына қатысып, жанкүйер ретінде ыстық қолдау білдіріп жүріпті. Айта кететін болсақ, Том Дэйли, Ребекка Адлингтон және Майкл Фелпс секілді спорттағы таланттардың өнерін міндетті түрде тамашалап барған. Және британдықтар велодромда жеңіске жеткен күні, дәретханаға барып-келем деп, сол жақта жүрек ауруынан (жүрегі ауырып) аттанып кетіпті...
Сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт