Бозбаев ширек финалдан аса алмады

Қазақстандық дзюдошымыз Ислам Бозбаев ширек финалдан аса алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

Ширек финалда теміртаулық жігітіміз әлемдік рейтингтің 5-ші сатысында тұрған неміс жігіті Оле Бишофке есе жіберіп қойды. Татами төрінде Ислам ә дегеннен-ақ жақсы бастап еді. Ең алғаш болып өз пайдасына "юконы" да келтірді. Алайда, екі бірдей қателікті жасаймын деп неміске ұпай санын теңестіруге мүмкіндік берді. 

Содан кейін тең түсіп жатқан татами шеберлері қосымша минутта бақтарын сынады. Өкінішке орай, неміс жұртының өкілі Бишоф "иппон" арқылы жеңісті жұлып алып кетті.

Естеріңізге салсақ, одан бұрын қазақстандық спортшымыз украиндық Артем Василенко мен тоголық  Сачи Денаньонды жеңіп келген болатын.

Сурет:london2012.com

Дайындалған: Фараби Бақыт