Болт: "Алтын допты" Криштиануға берер едім

Болт: "Алтын допты"  Криштиануға берер едім

Алты дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болт Криштинау Роналдуды Лионель Мессиге қарағанда анағұрлым мықты деп есептейді.

"Роналдудың Мессиден мықты екендігінде еш күмән жоқ. Роналду профессионал ойыншы. Мен "Алтын допты" Криштиануға берер едім. Ол ұзақ жылдар бойы жоғары дәрежеде өнер көрсетуде , ал бұл істің ең қиыны", - дейді әлемнің ең үздік желаяғы.

Усэйнның "Реал" командасының ойындарын тамашалауға келіп тұратыны белгілі. Алғаш рет Болт "Сантьяго Бернабеуге" 2009 жылы келген. Ал Мадрид аренасында оны соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында байқаған.

Айта кетсек, ямайкалық спринтер сонымен қатар, "Манчестер Юнайтед" қомандасының жанкүйері ретінде де танымал. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM