Бессайысшы Сабирхузин бірінші жаттығудан соң 10-орында

Бессайысшы Сабирхузин бірінші жаттығудан соң 10-орында

Бүгін, Лондон ойындарында заманауи бессайыс жарыстары басталды деп хабарлайды Massaget.kz. 

Заманауи бессайыстың алғашқы жаттығуы - семсерлесуде спортшылар 35 кездесуден өткізді. Қазақстандық Рүстем Сабирхузин оның 19-ында жеңіске жетсе, 16 рет жеңіліп жалпы есепте 10-орынға табан тіреді. Ал тағы бір қазақстандық бессайысшы Павел Ильяшенко 15 жеңіс, 20 жеңіліспен 25-28 орынға қол жеткізді. Өз кезегінде Сабирхузин 856 ұпай иемденсе, ал Ильяшенконың қанжығасында әзірге 760 ұпай.

Енді, бессайысшылардың келесі жаттығуы Астана уақытымен сағат 18:20-да басталады. Спорттшылар жүзуде бақ сынайтын болады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com


Ж. FM