Белорус спортшысын допингке байланысты алтын жүлдесінен айырды

Белорус спортшысын допингке байланысты алтын жүлдесінен айырды

Белорус спортшысы Надежда Остапчук Олимпиада ойындарында ядро серпуден алтыннан алқа таққан болатын. Алайда, Халықаралық Олимпиада комитеті спортшы қыздың қанынан допинг тауып отырғандықтан, алтын жүлде бұйырмай қалды.

Анықталғандай, Белорус қызының қанынан тыйым салынған метенолон дәрумені табылды.

Сонымен ядро серпуден Жаңа Зеландия спортшысы Валери Адамс Олимпиада чемпионы болып отыр. Ал ресейлік Евгений Колодко күміс жүлденің иесі болып танылса, қола жүлдені тиісінше төртінші орын алған қытайлық Гун Лицзяоға еншіледі.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига