Ауыр атлетика бойынша Қазақстан олимпиада құрамасының тренерлік штабы Лондонда өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында команда құрамасына өзгеріс енгізді. Естеріңізге сала кетсек, ауыр атлетика халықаралық федерациясы жуырда ғана біздің елге қоныс аударған Арли Чонтей мен Фархад Харкиге Қазақстан атынан өнер көрсетулеріне қарсы болды.
Сонымен, Арли Чонтей (салмақ категориясы 56 кг дейін) мен Фархад Харкидің орнына (62 кг дейін салмақ) Олимпиадада ел намысын запастағы Кирилл Павлов (77 кг дейін салмақ) пен Александр Зайчиков (105 кг дейін) қорғайды.
Айта кетсек, XXX жазғы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты Астана уақытымен 28 шілде күні сағат 02:00 де басталады. Тікелей эфирде "Хабар" және "Ел Арна" телеарналарынан көруге болады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: vesti.kz