Ел болып үкілеп жіберген дзюдошымыз Ринат Ибрагимов татами төрінде кәріс спортшысы Ван Ки Чуннан жеңіліп, келесі кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.
Айта кетейік, Ибрагимов жеребе бойынша 1/32 айналымға белдеспей-ақ шыққан болатын.
73 келі салмақта күш сынасқан қазақстандық спортшы алғашқы кездесуін Оңтүстік кореялық Ван Ки Чунмен өткізді. Белдесу барысында атыраулық 26 жастағы дзюдошы жарыстың алтынынан үміткер Ван Ки Чунға қарсылық көрсете алмады. Кәріс спортшысы Ринатты жамбасқа құлатып, келесі кезеңге жолдама алды.
Сурет:kazarchives.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт