Атыраулық таэквондашы қызымыз ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық таэквондашы қызымыз  Гүлнафис Айтмұхамбетова ширек финалға шыға алмай қалды.

67 келі салмақта өнер көрсететін 24 жастағы атыраулық қыз словениялық Франке Аничке 11:15 есебімен есе жіберіп алды. 21 жастағы Анич жекпе-жектің бірінші бөлігін 5:3 есебімен өз пайдасына шешсе, екінші бөлікте отандық спортшымыз кеткен есені қайтара алды  - 4:2.  Алайда, үшінші бөлікте словениялық қыз сәтті қимылдап, нәтижесінде 8:4 есебімен жеңісті жұлып алып кетті. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт