Асхат алғашқы асуда қалды

Қазақстандық грек-рим шебері Асхат Ділмұхамедов Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Массагет.кз.

74 келі салмақта өнер көрсеткен 26 жастағы спорт шебері 1/8 финалда 2003 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 2010 жылғы Еуропа чемпионы Александр Кикиневке (беларус) жеңіліп қалды. Алматылық жігіт белдесудің екі кезеңінде де қайратын асыра алмай, нәтижесінде жеңіліп тыңды (0:1 және 0:2).

Естеріңізге сала кететін болсақ, 26 жастағы Асхат Ділмұхамедов - 2011 жылы өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Және Стамбулда өткен Әлем чемпионатында 5-орынға қол жеткізген. Өз кезегінде бірнеше дүркін Қазақстан чемпионатының жеңімпазы саналады.

Сурет:isojo.ru

Дайындаған: Ғани Тұрғынбек