- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Апалы-сіңлілер үш дүркін...
Апалы-сіңлілер үш дүркін Олимпиада чемпионы
Жұптық теннистен ақтық сында чехиялық Люциа Градецка мен Андреа Главачкова жұбын 6:4, 6:4 есебімен еңсерген апалы-сіңлілі Уильямстер осымен үшінші рет Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді.
Айта кетсек, Серена Уильямс кеше, 4 тамыз күні, Мария Шараповамен кездесіп, Олимпиада ойындарында жекелей сында алғаш рет чемпион атағын иеленді.
Естеріңізге сала кетсек, Уильямстер бұдан бұрын жұптық теннисте Сидней-2000 және Бейжің-2008 Олимпиада ойындарында алтыннан алқа таққан еді.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com
Ж. FM