Анна Алябьева финалдық кезеңге шыға алмады

Олимпиада ойындарында спорттың көркем гимнастика түрінен еліміздің намысын корғаған Анна Алябьева жарыстың финалдық сынына шыға алмады.

Естеріңізде болса, Анна екі жаттығудан кейін жалпы кестенің 13 сатысында орналасқан болатын. Сайыстың екінші күнгі бөлігінде Анна Алябьева қоржынына жалып есепте 106,425 ұпай салды. Өкінішке орай, отандасымыздың бұл жинаған ұпайы жарыстың ақтық сынына шығуға мүмкіндік бермейтін еді.

Жалпы көркем гимнастикада Олимп ойындары барысында бар болғаны 13 ғана гимнасшы шығады. Ал біздің Алябьева іріктеу кезеңінде он бесінші сатыны місе тұтты. Іріктеу сындарында кестенің көшін ресей гимнасшы қызы  Евгения Канаева бастады. Евгенияның ұпайы - 116,000. Екінші орын ресейлік Дарья Дмитриеваға бұйырды. Оның еншісінде 114,525 ұпай бар. 

Сурет:vesti.kz

Дайындаған:Фараби Бақыт