Америка елінің спортшысы бір күнде екі рекордтың мұртын бұзды

Стенд ату спортының стик бағдарламасы бойынша америкалық Кимберли Род Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Род 100 мүмкіндіктің 99-да мергендігінен жаңылмай, Олимпиада рекордын жаңартты. Іріктеу сындары барысында америкалық қыз 75 мүмкіндігінің 74-де нысананы дөп көздеп, Лондондағы алғашқы рекорд жасаған-ды. 

Бұл бағдарлама барысында күміс медаль қытай қызы  Вэй Нинге (91) бұйырса, қола медаль словакиялык Данка Бартекованың (90) қанжығасында кетті.

Сурет:  london2012.com

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков