Қазақстандық Анна Алябьева көркем гимнастиканың екі жаттығуынан соң 13-орынға табан тіреді.
Алябьеваның доппен көрсеткен жаттығуын төрешілер 26,575 ұпайға бағалады. Екі жаттығудың қорытынды нәтижесі бойынша қазақстандық спортшы 53,775 ұпай жинап, 13-орынға қол жеткізді. Ал көш басында 57,800 ұпаймен әлі де ресейлік Дарья Дмитриева келеді.
Жаттығудың соңғы екі түрі ертең, 10 тамыз күні,Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Дайындаған: Ғани ТҰрғынбеков
Сурет: london2012.com