- Негізгі бет
- Лондон-2012
- Алматылық зілтемірші жігітіміз...
Алматылық зілтемірші жігітіміз 3-орында тұр
Қазақстандық ауыр атлет Кирилл Павлов 77 келі салмақ категориясы бойынша "Б тобында" үшінші орынға табан тіреді деп хабарлайды Массагет.кз.
Жұлқа және серпе көтерудің қорытынды нәтижесі бойынша Алматы қаласының тумасы 322 келі салмақты бағындыра алды. Өз кезегінде "Б тобының"көшбасшыларының бірі нигериялық Феликс Экпо 331 келі салмақты көтерсе, 338 келіні бағындырған Испания елінің өкілі Эдуардо Мата Переске осы топта тең келетін ешкім болмады. Айта кетсек, 77 келі салмақ категориясы бойынша небәрі 5 ауыр атлет өнер көрсеткен болатын.
Енді Астана уақытымен сағат 00:00-де аталған салмақ бойынша "А тобына" кірген 8 ауыр атлет жүлдені сарапқа салатын болады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: ovesti.ru
Ж. FM