Алматылық Алмат қоладан құр қалды

Алматылық Алмат қоладан құр қалды

Грек-рим күресінен 60 келіде өнер көрсететін қазақстандық Алмат Кебіспаев  қола жүлде иеленуіне бір табан жақын қалғанда жеңіліс тапты, деп хабарлайды Массагет.кз.

Қол медалға болған айқаста 24 жастағы отандасымыз жапондық Рютаро Мацумотодан жеңіліс тапты. Жекпе-жектің алғашқы кезеңінде Кебіспаев жапон спортшысын лақтыру арқылы 2:1 есебімен алға шықты. Алайда жапон палуаны Рютаро Мацумото барын салып, екінші кезеңді 3:1 есебімен жеңді. Қосымша кезеңде болған таласта жапон спортшысы  ширағырақ қималдап, кездесу тағдырын өз пайдасына шешті. Есеп 3:0.

Айта кетсек, Кебіспаев 1/4 финалында ирандық Омид Нороозиге есе жіберіп, қосымша раундқа жолдама алған болатын. Өз кезегінде, қазақстандық палуанды жеңген Иран елінің өкілі Омид осы салмақта Олимпиада чемпионы атанды. Бұл Иран елінің Лондондағы Олимпида ойындарының алғашқы медалі.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM