Алмат Кебісбаев келесі айналымға шықты

Қазақстандық грек-рим шебері  Алмат Кебісбаев келесі айналымға шықты, деп хабарлайды Массагет.кз.

1/8 финалда 24 жастағы жігітіміз боз кілемде украиналық Ленур Темировты жеңді. Жекпе-жектің бірінші бөлігінде алматылық жігітіміз жеті ұпай алса, екінші бөлікте бір ұпай алу арқылы өз басымдылығын танытты.

Енді біздің Алмат жігіт ширек финал үшін болатын тартыста венесуэллалық Луис Игнасио Лиендомен күш сынасатын болады. Аталған кездесу Астана уақытымен 19:21-де басталады.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт