Алексей Ниге қытайлар тікелей телефон соғып, қыздарды қайтаруды талап етіпті

Алексей Ни, ҚР Ауыр атлетикадан Ұлттық құрамасының бас бапкері:

- Олар Майя мен Зүлфияны керексіз деп, спортшылар тізімінен шығарып тастаған. Сондықтан да бізге берген болатын. Екі рет әлем чемпионатын, бір рет Азияны жеңіп алдық, сол кезде қайда болды? Олимп шыңын бағындырғанда таласып отыр. Келісімшартта барлығы көрсетілген. Ақшасы төленген.

Ал Светлана Подобедова жақын күндері тұрмысқа шығуға дайындалуда. Әзірге күнін белгілемеген.  

Лондонда көк туды 4 рет желбіреткен осы зілтеміршілер әлі күнге дейін жеке жаттығу залына зәру екен. Алексей Нидің айтуынша, Олимпиадаға барғанға дейін спортшылар жаттығатын орынды жалға алған. Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері енді Үкімет 4 жыл бұрын берген уәдесін орындайтын шығар деген үмітте.

Сурет:alasharena.kz

Ақпарат көзі: https://1tv.kz/