Алексей Ниге "Барыс" ордені табыс етілді. Сонымен қатар, Олимпиадада шәкірттері сәтті өнер көрсеткен басқа да ұстаздар мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Ордендерді ел Президентінің тапсырмасымен спорт ведомствасының төрағасы Талғат Ермегияев табыс етті. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі республиканың спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Штаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының бас жаттықтырушысы Алексей Ни "Барыс" орденімен марапатталды.
Штаттағы ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының инструктор-спортшысы Сергей Алкесеев пен жаттықтырушы Виктор Ниге екінші дәрежелі "Барыс" ордені берілді.
Жаттықтырушы Александр Стрельников үшінші дәрежелі "Барыс" орденіне ие болса, жаттықтырушы-консультант Энвер Турклери "Парасат" орденімен марапатталды.
Агенттік төрағасы мен жаттықтырушы-консультант Энвер Турклери
"Құрмет" ордені бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа, Алматыдағы республикалық спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Сәкен Аязбековке, Қазақстанның спорт шебері, жоғарғы категориялы жаттықтырушы Ержан Болтаевқа, Ақтау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебінің директоры Марат Жакиевке, жоғарғы деңгейдегі спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушы мұғалімі Сергей Кручинге, бокс жаттықтырушысы, бокстан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасының үйлестірушісі Берік Маржықпаевқа, аға жаттықтырушы Вадим Присяжнюкке, №7 балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебінің аға жаттықтырушысы Әділет Сарыбаевқа, бас жаттықтырушы Вячеслав Сокирко мен бокстан балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебінің жаттықтырушысы Владимир Шайрерға берілді.
Бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа "Құрмет" ордені табыс етілуде
Естеріңізге сала кетелік, XXX жазғы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан құрамасы жалпы есепте 12-орыннан көрінді. Спортшыларымыз ұзын саны 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді қанжығасына байлаған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: спорт және дене шынықтыру істері агенттігі