Александр Дядчук 200 метрге жекелей ескек есуде 14-ші болып аяқтады

Қазақстандық спортшы Александр Дядчук 200 метрге жекелей ескек есуде 14-орынға қол жеткізді.

Қосалқы жарыста 29 жастағы отандық ескекшіміз 200 метрді  45,283 секундта кесіп өтіп, сол арқылы 14-орынға қол жеткізді. 

Айта кететін болсақ, аталған жарыстың бас жүлдесін украиндық Юрий Чебан (42,291) алып кетті. Ал күміс жүлде литвалық Евгения Шуклинаға бұйырса, қола жүлдені ресейлік Иван Штыля иеленді.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт