Қытайлық суға сүңгу шебері У Минься Лондон ойындарында үш метрлік трамплиннен суға секіруде Олимпиада чемпионы атанды.
27 жастағы У Минься 414 ұпай жинап бірінші орынды иелнсе, тағы бір қытай спортшысы Хэ Цзы 379,20 ұпаймен күміс медалға қол жеткізді. Ал Олимпиада ойындарының қола жүлдесі мексикандық Лаура Санчес қанжығасында кетті. Оның көрсеткіші – 362,40.
Естеріңізге сала кетсек, Лондонда алғашқы алтынына қол жеткізіп, жеңіс тұғырына көтерілгеннен соң ғана туған әжесінің дүниеден тоғыз жыл бұрын озып кеткенін, ал шешесінің сегіз жылдан бері ауыр індетке шалдыққанын бірақ білген спортшы – У Минься болатын.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков