Винокуров велосипедін 50 000 долларға сатпақ

Қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Лондонда көшбасшы атануына себеп болған велосипедін 50 мың долларға сатпақшы. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/fRVrKJAgnfQ","width":"450","height":"256"});

Александр Винокуровтың Лондондағы Олимпиадада жеңіске жету сәті

Винокуров Астанада өткен баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде: "Сұрғылт Лондонның фонында велосипед ашық, әрі жарқын түсті. Маған жеңіс әкелген бұл велосипедті аукционға қоюға бел будым. Бастапқы баға 50 мың доллар. Менің ойымша, Алматы мен Астанадағы достарым қызығушылық танытады. Сатылымнан түскен қаржы неғұрлым көп болған сайын балалар үйіне соғұрлым мол ақша аударамыз", - деді.

Айта кетелік, Александр Винокуров Лондондағы XXX Олимпиада ойындарында алтын медальға ие болды. Көп ұзамай спортшы өзінің спорттан кететіндігін мәлім еткен болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: takgroup.kz