WADA әлемдік антидопинг агенттігі Лондон қаласында өтетін Олимпиада қарсаңындағы іріктеу жарысында әр түрлі спорт түрінен қатысатын 107 адамды шектетті.
Допинг тестілеудің нәтижелерін МОК отырысында агенттіктің жетекшісі Джон Фейхи мәлімдеді,- деп хабарлайды AP. WADA ережесін бұзушыларды анықтауда түрлі спорт түрлерінің халықаралық федерациялары мен Лондон-2012 ойындарының ұйымдастырушылары септік тигізді. Алайда, тәртіп бұзған спортшылардың есімі мен қай мемлекеттің намысын қорғайтыны жайлы ақпарат жоқ. Белгілісі тек 107 спортшының барлығына айыппұл салынады. Сондай-ақ, антидопинг агенттігінің жетекшісі Фетхи допинг-бақылауды алдауға тырысу босқа уақыт шығыны екендігін ерекше атап өтті.
Айта кетсек, Лондонда өтетін отызыншы жазғы олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатына 2 күн қалды. Және ашылу салтанатында қазақ елінің көк байрағын елі сенген азамат Нұрмахан Тінәлиев алып жүреді. Естеріңізге сала кетсек, 27 шілде мен 12 тамыз аралығында болатын Лондон-2012 ойындарына 116 отандық спортшы қатысады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com