100-ден аса спортшы допинг-бақылаудан өте алмады

100-ден аса спортшы допинг-бақылаудан өте алмады

WADA әлемдік антидопинг агенттігі Лондон қаласында өтетін Олимпиада қарсаңындағы іріктеу жарысында әр түрлі спорт түрінен қатысатын 107 адамды шектетті.

Допинг тестілеудің нәтижелерін МОК отырысында агенттіктің жетекшісі Джон Фейхи мәлімдеді,- деп хабарлайды AP. WADA ережесін бұзушыларды анықтауда түрлі спорт түрлерінің халықаралық федерациялары мен Лондон-2012 ойындарының ұйымдастырушылары септік тигізді. Алайда, тәртіп бұзған спортшылардың есімі мен қай мемлекеттің намысын қорғайтыны жайлы ақпарат жоқ. Белгілісі тек 107 спортшының барлығына айыппұл салынады. Сондай-ақ, антидопинг агенттігінің жетекшісі Фетхи допинг-бақылауды алдауға тырысу босқа уақыт шығыны екендігін ерекше атап өтті.

Айта кетсек, Лондонда өтетін отызыншы жазғы олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанатына 2 күн қалды. Және ашылу салтанатында қазақ елінің көк байрағын елі сенген азамат Нұрмахан Тінәлиев алып жүреді. Естеріңізге сала кетсек, 27 шілде мен 12 тамыз аралығында болатын Лондон-2012 ойындарына 116 отандық спортшы қатысады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM