Адамзаттың тарихында ойып тұрып орын алар, ойын деген аты болмаса - күндерді тірілтіп, ғасырлар үнін бір арнаға тоғыстырар қасиеті бар, төрткүл дүниені 4 жылда бір дүрліктіріп, дүниені думан мен ән-күйге бөлейтін XXX жазғы Олимпиада ойындары келіп жетті.
Кәрі құрлықтың төсінде бұлқынып жатқан, әні бірліктің аясында тоғысқан, сан ғасырлық тарихы бар, табанды тағдыры мен таным көкжиегінің кеңдігінің арқасында әлем шыңын бағындырып, талайдың талайдан бергі арманына айналған Ұлыбритания Олимпиада алауын тұтатып отыр.
Стадионда орналасқан 27 тонна салмағы бар ауыр да алапат қоңырауды "Тур де Франс" көпкүндік веложарысының соңғы жеңімпазы Брэдли Уиггинс соқты. Сонымен миллиардтан аса көрермен тамашалап отырған тамаша салтанатты кеш ашылып та кетті.
Университеттер мен кітаптарда ғана сыр шертіліп жататын Ұлы Британияның сан ғасырлық тарихы енді санаулы ғана минуттар ішінде көз алдымыздан көлбеңдеп өтпек. Аядай ғана елдің аямай тер төккені, ең алғашқы революциялық жеңістері, өнеркәсіп пен өнердегі бастамалары - бәрісін-бәрі көрермендердің жүрегіне жол тартпақ.
Айта кетсек, британдықтар ашылу салтанатына 42 миллион қаржы жұмсаған. Аталған алып та ауыр қоңыраудың өзі әлемдегі ең үлкен құндылық болып саналады. Әрине, Пекинде жұмсалған қаржы мөлшерімен салыстыруға келмейді. Алайда, британдықтар ең басты орынға шоу арқылы өз елдерінің тарихын танытқысы келген.
Естеріңізге салсақ, 15 мың квадрат метр жерді алып жатқан сахнада 12956 декорация көрсетілетін болады.
Джеймс Бонд пен королева екеуі ұйымдастырған көрсетілім талайды таң-тамаша күйге бөледі. Бұл өз кезегінде королеваның тік ұшақтан парашютпен секіргендігі - бүкіл сахна бір сәтке демдерін ішке жинап қалды. Жо-жоқ, королева жүзінде шаттық, көзінде күлкі, өзіне ғана тән салқынқандылықпен сахнаға көтерілді. Және үкілі әлем қол соғып, таңданыстары мен мақтау сөздерін жасырып қалмады.
Орталықта кино мен кітапта ғана өмір сүріп келген жаңа және жүзі таныс кескін-келбеттер пайда болуда. Мәселен, Волан-де-Морт өз өнерін ортаға салуда.
Лондонның симфоникалық оркестрі сахна ортасында пайда болды. Бір қызығы, пианистің орнына Мистер Бин шығыпты.
Ары қарай ән сүйер қауым қалт тынып қалды. Себебі, ағылшын әні жайлы әңгіме өрбімек... Әрине, атақты "Битлздың" да ұмыт қалмасы белгілі. Өйткені олар өз әндері арқылы бүкіл әлемді тербетіп, жаңа ғасырдың тууына, ән ғасырының тууына сеп болып кетті. Өз кезегінде олар орындаған әндер ешқашан жалықтырмайды, керісінше, бөгде бір, таңғжайып әлемнің есігін айқара ашып береді.
Олипиаданың бүкіл елшілерін бұдан басқа қай жерден көруге болады? Естеріңізде болса, төрт жыл бұрын Пекинде, яғни жабылу салтанатында Дэвид Бэкхем алаңға доппен шығып, өз өнерін ортаға салған болатын. Енді міне Темза арқылы кемемен келіп отыр. Осы жолы қолында доп жоқ. Есесіне, олимпиада факелі.
Мексика құрамасы кемпірқосақ түсте ортаға шықты. Ең қызығы, Моңғолия құрамасы өздерінің көптігі жағынан таң-тамаша қалдырды. Ал Панамалықтар бірыңғай қара түсті киім киіп шығуды дұрыс көріпті. "Қара түсті киімділер-4" киносын еске түсіріп жіберер еді. Көптен күткен сәт, біздің Қазақстан құрамасы алшаң-алшаң басып, аптықпай, аяңдап келеді.
Қандай ғажап! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сэр Пол Маккартнидің әдемі әнінің аясында үлкен салютты тамашалау бір ғанибет.
Сурет: vesti.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт