Алмат Кебісбаев ширек финалдан ары аса алмады

60 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық грек-рим шебері Алмат Кебісбаев ширек финалдан ары аса алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

Ширек финалда 24 жастағы спорт шебері 26 жастағы Иран жігіті Омид Хаджи Нороозиден 6:1 есебімен жеңіліп қалды. Сол арқылы Алмат Кебісбаев Стамбулда өткен Әлем чемпионатында кеткен есені қайтара алмады.

Енді біздің жігіт ирандық спортшының финалдық кезеңге сүрінбей өтуін тілейтін болады. Өйткені Омид Хаджи финалға өтіп жатса, отандық спорт шебері қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алады.

Естеріңізге салсақ, алматылық жігітіміз 1/8 финалда украиналық Ленур Темировты жеңсе, ширек финал үшін болған таласта венесуэллалық Луис Игнасио Лиендодан 3:1 есебімен басым түскен еді.

Сурет:alashainasy.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт