"Сатып алуға асықпаңыз". 8 наурызда ешкімге ұнамайтын сыйлықтар

"Сатып алуға асықпаңыз". 8 наурызда ешкімге ұнамайтын сыйлықтар
Фото: ru.freepik.com

Халықаралық әйелдер күнін барлық нәзік жанды асыға күтеді. Бұл күн көпшілік үшін жағымды сыйлығымен есте қалады. Алайда кейде дұрыс таңдалмаған сыйлық мерекелік көңіл күйді бұзып жіберуі мүмкін. 8 наурызда көпшілік әйелді қуантпайтын сыйлық түрлерін ұсынамыз.

Әтір

Егер әйелге нақты қандай әтір ұнайтынын білмесеңіз, әтір сыйламаған жөн. Себебі әр әйелге әртүрлі хош иіс ұнайды және уақыт өте оның таңдауы өзгеріп тұруы мүмкін. Сондай-ақ мүлдем әтір қолданбайтын да әйелдер бар.

Залға абонемент

Егер қызыңыз немесе әйеліңіз спортпен айналысып жүрсе, мұндай сыйлық оның көңілінен шығады. Бірақ егер ол спортқа қызықпаса, сіздің сыйлығыңызды дұрыс түсінбей қалуы әбден мүмкін. Мысалы, оны "мені не үшін залға жібергісі келеді?", "мен семіріп кеттім ба" деген секілді сұрақтар мазалауы мүмкін. Бұл сыйлықты 8 наурызға емес, кейінге қалдырыңыз.  Өзімен ақылдасып, ойын біліп, залды бірге таңдағаныңыз дұрыс.

Бөлме өсімдігі

Кей ер адамдар "бөлме өсімдігі ұзақ сақталады, ал тірі гүлдер жылдам солып қалады" деген оймен осы сыйлықты таңдайды. Алайда әр әйел 8 наурызға тірі гүл шоғын алғысы келеді. Егер қызыңыз немесе әйеліңіз бөлме өсімдіктерін ұстағанды, оларға күтім жасағанды жақсы көретін болса, оны кейін де алып бере аласыз. Ал 8 наурызда оған тірі гүл шоғын, мысалы, қызғалдақтар алып беріңіз.

Тұрмыстық техника

Әрине, әйелдер - ас үй ханшайымдары. Бірақ 8-наурызда оған тұрмыстық техника сыйлау - жақсы идея емес. Кәстрөл, блендер және шаңсорғышты басқа күндері себепсіз сыйлай беріңіз. Ал 8 наурызда әйелге үйге қажет зат емес, өзіне қажет сыйлық алып беруге тырысыңыз.

Жұмсақ ойыншықтар

Мына ережені ұмытпаңыз: барлық жұмсақ ойыншықтарды әйелдер емес кішкентай қыздар жақсы көреді. Иә, бірінші рет көргенде ол оған ұнауы мүмкін. Бірақ кейін ол оны қуантпайды. Әсіресе, өте үлкен жұмсақ ойыншықтар алмай-ақ қойыңыз. Ол көп орынды алады және оны жуу қиынға соғуы мүмкін.

Косметика

Косметиканы әр әйел өзі таңдағанды жақсы көреді. Ал күтім құралдары әр тері типіне арнайы таңдалуы керек. Сондықтан егер косметика бергіңіз келсе, сертификат алғаныңыз жөн.

"8 наурыз" деген жазуы бар сыйлықтар

Сегіз саны секілді жасалған сабын немесе "8 наурыз" деп жазылған сүлгілер жинағын, тақтай секілді сыйлықтарды бермей-ақ қойыңыз. Мұндай сыйлық алған әйел өзін көптің бірі секілді сезеді, алайда әр әйел өзін ерекше сезінгісі келетінін ұмытпаңыз.

А. Жапатова