"Қызық ұсыныс алсаңыз, "иә" деуге асықпаңыз". Жұлдыз жорамал: 20.02.2023 - 26.02.2023

"Қызық ұсыныс алсаңыз, "иә" деуге асықпаңыз". Жұлдыз жорамал: 20.02.2023 - 26.02.2023
Фото: ru.freepik.com

Жұлдыздар ақпанның соңғы аптасында қол қусырып отырмауға шақырады. Бағалы сәттерді жіберіп алмаңыз. Барлық жұлдыз белгісіне 20-26 ақпан аралығына арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз.

Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір

Аптаның басынан бастап жалқаулық бой алады. Егер оны жеңе алмасаңыз, барлық шаруаны "ең маңызды" және "асықпай жасауға болатын" деп бөліңіз. Бастысы, демалысқа дейін оптимизмді жоғалтып алмай, қимылдаңыз және әрекет етуге тырысыңыз.

Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр

Сіз алдыңыздан ешқандай кедергі көрмейсіз. Әр қадам сайын арманыңызға жақындап келесіз. Өз жетістіктеріңізбен достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Егіздер
21 мамыр - 20 маусым

Бұл аптада тәуекел етуге бел буасыз. Уайымдамаңыз, сіз тәуекел мен сақтықты үйлестіре аласыз. Демалыс күні жалықтырғыш шаруалармен айналысуға дайын болыңыз.

Шаян
21 маусым - 22 шілде

Бұл аптада тыныштық бой алады. Оны шыдамдылықпен үйлестіру арқылы бұл аптада ең қиын тапсырмаларды шеше аласыз. Демалыс күндері жағымды тосынсый болуы мүмкін.

Арыстан
23 шілде - 22 тамыз

Бұл аптадағы мақсат – бар нәрсені жоғалтып алмау және өзіңізге проблема тауып алмау. Барлық нәрседе сабырлық сақтаңыз, сол кезде күндеріңіз тыныш өтеді. Егер біреуден кеңес сұрау керек болса, туғандарыңыздан сұраңыз.

Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек

Сіз энергияға толы боласыз. Сондықтан оны мақсаттарыңызға жетуге жұмсаңыз. Өмірден ләззат алыңыз.

Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан

Бұл аптада ішіңіз пыспайды. Белсенді болатыныңыз соншалық, әріптестеріңіз артыңызға ілесе алмайды. Тоқтауды ойламаңыз. Демалыс күндер қызықты өтеді.

Сарышаян
23 қазан - 21 қараша

Эмоцияға берілу – жақсы идея емес. Өзіңізді қолға алуға тырысыңыз, әйтпесе, сіздің әрекеттеріңізден басқалар зардап шегеді.

Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан

Сізге өмір дайындап қойған "көңілді сырғанауды" тоқтату оңай болмайды. "Тоқтаңыз, мен түсіп қалайын" деп айту мүмкін болмайды. Сондықтан алдыңыздан шыққан жағдайларға икемделіп үйреніңіз. Көңіл күйіңіз жиі өзгеріске ұшырайды, десе де позитивті болып қалуға тырысыңыз.

Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар

Тағдыр алдыңызға проблемаларды толтырып қойды. Бірақ қайғыға салынбаңыз, сіздің табандылығыңызға сөз жоқ. Жүрегіңізді тыңдау арқылы барлық кедергілерді жеңе аласыз. Демалыс күндері жақсылап босаңсып, демала аласыз.

Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан

Бастысы – қалау, ал аяқ қойылған мақсатқа өзі апарады. Сізді ренжіткендерден үміт үзудің қажеті жоқ. Оларды тыңдап көріңіз, мүмкін, олар әдейі істеген жоқ болар. Достың артығы болмайды. Демалыс күнді үйде өткізіңіз.

Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз

Қызықты ұсыныс алсаңыз, "иә" деуге асықпаңыз. Шешімді біраз жақсылап ойланған соң ғана қабылдаңыз. Өмірді мінсіз етуге тырыспаңыз.

А. Жапатова