Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.
Магниттік дауылдардың әсері көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.
Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша, ауа райына тәуелді адамдар үшін наурыз айы оңай болмайды.
Геомагнитті фондағы өзгерістерді адамдар көктемгі алғашқы күндері-ақ сезуі мүмкін:
- 1, 2 және 3 наурыз күндері Күндегі белсенділік 3 балға дейін азаяды;
- 4 наурыз кешке қарай 4 балдық аздап толқын сезіледі;
- 5-7 наурыз Жерге алғашқы күн құйыны келеді. 6 наурыз күні 5 балдық геомагнитті дауыл болады;
- 15 наурыз 4 балдық магнитті дауыл болады. Көпшілікті созылмалы аурулары мазалауы мүмкін;
- келесі магнитті дауыл 25 наурыз күні болады;
- 26 наурызда осы айдағы ең күшті 7 балдық геомагнитті соққы болады;
- бұл айдағы соңғы магнитті дауыл (4 балдық) 31 наурызда болмақ.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- таза ауада жиі серуендеңіз;
- бұл күндері алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
- көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
- қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
- су режимін сақтаңыз.