- Негізгі бет
- Әлемтану
- Пропагандаға қызмет еткен...
Пропагандаға қызмет еткен ыдыс-аяқтар
1917 жылы Ресей империясында большевиктер билікке келіп, патшалық Ресей жойылды. Патшалық Ресейден бәрінен бас тартқан большевиктер ақ фарфор зауытын ғана сақтап қалды.
ХХ ғасырдың басында қазіргі Ресейдің Санкт-Петербург қаласында патшаның фарфор зауыты болған, онда сәнді ыдыс-аяқтар жасалды. 1917 жылы патшалық Ресейді құлатқан большевиктер ескі режимнен бәрін тастап, "Патша фарфор зауыты" деп аталатын зауытты сақтап қалды. Атауы "Мемлекеттік фарфор зауыты" болып өзгерді.
Фабрика Владимир Ленин үкіметіне өз идеяларын насихаттау үшін қажет болды. Кезінде алтын жиектермен әшекейленген фарфор бұйымдарына халықтың социалистік идеологияға деген құлшынысын тудырған суреттер салынды.
Фарфорға Кеңес өкіметінің символы саналатын орақ пен балғаның суреті де салынған. Бұл 2 еңбек құралы бір мезгілде жұмысшы және шаруа қоғамын еске түсірді. Кейінірек орақ пен балға тіпті Кеңес Одағының туына да қосылды. Фарфордағы суреттер дизайнер Сергей Чехониннің идеяларымен жасалды.
Ленинизм идеологиясының негізі елдегі еңбек өнімділігін арттыру болды. Сол себепті фарфорда зауыттар, фабрикалар және олардың түтін шығаратын мұржалары мен телеграф сымдары бейнеленген. Патша тұсында бұл фарфорлар алтын жалатылған әшекейлермен және асыл тұқымдыларды еске түсіретін мал шаруашылығының бейнелерімен безендірілген болатын.
Үгіт-насихат мақсатында жасалған ыдыстарға Лениннің бейнесі мен адамдарды оның айналасында еңбек етуге шақыратын суреттер салынған. Мақсаты пролетариатты шабыттандыру болды.
Михаил Адамовичтің, Антон Комашканың және Наталья Данконың фарфор ыдыстары да қарулы шаруалар мен бақытты жүздер, болашаққа қадам басқан азат еңбекшілерді бейнеледі.
Ол кезде авангардтық бағыттың ең танымал өкілдері Василий Кандикси, Казимир Малевич жаңа режимге сәйкес келетін идиомалармен жұмыс істеді. Бірақ ыдыс-аяқтар тым қымбат болғасын, аштыққа ұшыраған кеңес халқы үшін баға жетпес байлық еді. Осы себепті олар негізінен жоғарғы тап өкілдерінің үйлерінде тұрды.
Т. Раушанұлы