Өз отанынан гөрі басқа елдерде көп 5 ұлт

Өкінішке қарай, тағдыр кейбір халықтарды отанында емес, басқа жерлерде өмір сүруге мәжбүр етеді және олардың көпшілігі ғасырлар бойы осы елде тұрады.

© glavcom.ua

Еврейлер

Израильде жалпы 9 миллионға жуық халықтың 73 пайызы ғана еврейлер. Еврей диаспорасы АҚШ пен Батыс Еуропада бар. Мысалы, еврей агенттігінің мәліметінше әлемдегі 25 миллиондай еврей болса, 6 миллионнан аса Израильде, 6 миллиондайы АҚШ-та тұрады.

Бүкіл әлемде еврей диаспорасы ежелден "галут" деген атпен белгілі.

Осыдан екі мың жылдай бұрын римдіктер өздеріне қарсы шыққан Яһудея мемлекетін жойып, Иерусалимді қиратып, еврейлерге өз отанында тұруға тыйым салғанда, олар әртүрлі жерлерге көшіп, сонда қоныстануға мәжбүр болды. Осылайша еврей халқы дүние жүзіне шашырап кетті.

© livekavkaz.ru

Армяндар

Үндіеуропалық тіл семьясының ерекше тармағына жататын халықтарды «запастағы еврейлер» деп те атайды. Арменияда бар болғаны 3 миллионға жуық, ал әлемнің басқа елдерінде олардың саны 10-15 миллионға жуық армяндар тұрады. Армян диаспорасы шетелде «спюрк» (қауымдастық) деп аталады.

Армяндар атамекендерін тастап, ХІ ғасырдан бастап, Селжук түріктерінің соққысынан қуатты Ани патшалығы құлағаннан кейін әлмеге тарай  бастады.

1915 жылы түріктердің армяндарға қарсы геноциді Батыс армяндарды қашуға мәжбүр етті. 1990-2000 жылдардағы экономикалық жағдайға байланысты Армения халқының көп бөлігі өз елдерін тастап кетті.

© musaget.ru

Ливандар

Дүниежүзінде 14 миллион ливан болса, оның 4миллиондайы өз елінде тұрады. Ливандардың басқа елдерге кетуінің себебі – елдегі үздіксіз азаматтық соғыстар, тәртіпсіздіктер, экономикалық толқулар. Қуғын-сүргінге ұшыраған жергілікті халық алдымен Ливанды тастап Америка мен Батыс Еуропа елдеріне кеткен.

Бір қызығы, Бразилияда 7 миллионға жуық ливан тұрады. Олар бұл жерге ХХ ғасырдың басында Оңтүстік Американың елі өркендеп жатқан кезде көшіп келді.

© shkolnaiapora.ru

Ағылшындар

Қазіргі уақытта Англияда осы герман этникалық топтың 50 миллионға жуық өкілі өмір сүрсе, шетелде олар 100 миллион адамды құрайды және көп жағдайда олар «ақ англо-саксон протестанттары» (WASP) деп сипатталады.

ХVІ және ХХ ғасырларда WASP Солтүстік Америкада, Аустралияда, Жаңа Зеландияда және Оңтүстік Африкада тарады, көбінесе қатал өмір сүру жағдайлары, діни қудалау немесе жай ғана байлыққа ұмтылу салдарынан болды. Бүгінде олардың аз бөлігі Англиямен байланысты.

© mongol.su

Моңғолодар

Қытай моңғолдары – Қытайда тұратын, оның Ішкі Моңғолиясының байырғы тұрғындары. Олар елдегі ресми түрде танылған 56 этностың қатарына кіреді. 2000-2010 жылдары елдегі моңғол халқының өсу қарқынының баяулауы байқалды. Қытайдағы моңғол халқы (2020 жылғы санақ бойынша) 7 503 812 адам. Бұл Моңғолия мемлекетінің тиісті халқынан 2 есе көп. Қытайдағы моңғолдар негізінен елдің солтүстік, солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс және орталық аймақтарында тұрады. Қытайдағы барлық этникалық моңғолдарды билік ресми түрде моңғол деп танымайды. Қытайда негізгі топтан басқа даурлар, моңғорлар, дунсяндар, баонандар дейтін этникалық моңғолдар да тұрады. Олар Қытайдың ресми түрде танылған 56 халқының қатарына кіреді.