Оксфорд университетінің ғалымдары "мазасыздық" (anxiety) сөзін 2021 жылғы балалар сөзі деп анықтады. Бұл туралы Oxford University Press сайты жазды.
Сөздік зерттеулері пандемия әсерінен әл-ауқатқа бағытталған. Зерттеушілер үшінші және тоғызыншы сыныптардағы шамамен 8 000 оқушыдан өздерін карантин кезінде ең көп мазалайтын сөздерді таңдауды сұраған.
Оқушылардың бестен бірі немесе 21 пайызы өткен жылы олар үшін «мазасыздық» сөзі ең мағыналы болғанын айтты, одан кейін 19 пайызында "қиындық" және 14 пайызында "оқшаулау" сөзі маңызды болған.
Сарапшылардың айтуынша, нәтижелер карантин мен мектеп жабылуының балаларға тигізетін әсерін, сондай-ақ "балалар үшін өзін-өзі көрсету, оқу және әл-ауқатқа қатысты сөйлеудің маңызды рөлін" көрсетеді.
"Қазір біз үйде және мектепте балалардың тілін дамытуды қолдауымыз бұрынғыдан да маңызды", - деді Оксфорд университеті баспаханасының балалық шақ және үйде оқыту жөніндегі директоры Хелен Фриман.
Зерттеуге қатысқан 85 мектеп мұғалімдерінен балалармен олардың физикалық және психикалық денсаулығы туралы сөйлескенде қандай сөздерді көбірек қолданатыны сұралды.
Педагогтардың 31 пайызы оқушылармен пандемия туралы сөйлескенде "шыдамдылық" сөзін жиі қолданатынын айтты. Екінші ең көп қолданылатын сөз "қиындық", одан кейін "саулық" сөзі.
Айта кетейік, өткен жылы балалардың жыл сөзі "коронавирус", ал 2019 жылы Brexit деп танылған еді.
Осыған дейін Оксфордтың ағылшын тіліндегі сөздігі 2021 жылдың сөзін таңдап, ол vax, яғни "вакцина" немесе "вакцинация" болды.