Марина Чапман есімді қызды 5 жасында адамдар ұрлап, орманға тастап кеткен. Ол маймылдармен бірге 3 жыл өмір сүрген. Дегенмен, оның өмір тарихы туралы кереғар пікір көп. Кейбіреулер бұл шындық десе, басқасы Марина балалық шағындағы шытырман оқиғаны ойнынан шығарған деп санайды.
Марина Чапманның өмір жолы Мауглидің өмірінен мүлдем өзгеше. Қоғам арасына оралғаннан кейін ол тез бейімделіп қана қоймай, қарапайым адам сияқты өмір сүрген. Сонымен қатар, ол өзінің ормандағы шытырман оқиғасы туралы "Аты жоқ қыз" (The Girl With No Name) кітабын жазды.
Оны ұрлап кеткен
Марина Чапманның нақты туған күні мен шығу тегі белгісіз. Ол шамамен 1950 жылы Колумбияда тұратын британ отбасында дүниеге келген. Қыз капуцин маймылдарының үлкен тобымен кездескенге дейінгі өмірін аз есіне сақтаған. 5 жасында аулада ойнап жүрген жерінен белгісіз екі адам ұрлап кеткен.
"Аузымды орамалмен жауып тұрған қара қолды көрдім. Сонда мені екі адам алып бара жатқанын түсіндім", - дейді қыз сол кезді есіне алғанда.
Мата әлдебір дәріге малынғандықтан Марина бірден есінен танып қалған. Бала ұрлаушылар кішкентай қызды орманға апарып, белгісіз себептермен жалғыз қалдырып кеткен. Қыз оянғанда, жолсыз кең тропикалық орманды көрген, үйіне барамын деп адасып кеткен.
Марина орманда ұзақ жүрген. Жолында жыртқыштар мен улы жыландарды кездестірмеген. Кішкентай қыз капуцин маймылдары бар ағашқа тап болған. Жабайы аңдар агрессия көрсетпей, жылы қабылдаған. Бірақ тобына да қоспаған. Кішкентай қыз жалғыз қалмауы үшін оларға алыстан еріп отырған.
Капуцин маймылдары
Маймылдар арасындағы өмір
Бір күні кішкентай қыз тамаринді (үнді құрмаларын) көп жеп, уланып қалады. Ауырғанынан бұралып, жерге жатып, өлетініне көзі жеткенде, кәрі маймыл қасына келіп, бар күшімен соңынан еруге мәжбүрлейді. Ол Маринаны лас суға апарып, одан ішу керек деп белгі береді. Бала солай істейді, содан кейін құса бастаған. Кішкентай қыз сауыққаннан кейін маймылды "ата" деп атаған. Сосын капуциндер адам баласына деген көзқарасын өзгерткен. Көп ұзамай Марина жануарлардың көптеген әдетін үйренген. Енді ол ағаштарға өрмелеп, тамақ тауып, аңдар дыбысын ажырата алатын дәредеге жеткен. Мысалы, ысқырық естілсе, бір жерде тамақ бар деген сөз. Дыбыс шығару арқылы бір-біріне мейірімділік танытып, қауіпті жағдай туындаған кезде басқаларға ескерткен.
Марина Чапман © allthatsinteresting.com
Адамдар арасында сәтсіз оралу
Марина маймылдармен бірге тұруды ұнататын, бірақ сонымен бірге ол өз үйіне қайтқысы келген. Кейде орманда аңшыларды көрсе де, маймылдарға қосылып олардан алыстап кететін. Бір күні кетуге бел буып, төрт аяқтап жүріп аңшыларға келген. Олар баланы құлдыққа өткізіп жіберген. Оған Глория есімі беріліп ауыр жұмыстарды орындауға және ас үйде жұмыс істеуге мәжбүр еткен. Қыз бәріне шыдап, ақырында қашып кеткен. Көшеде оған Пони Малта деген лақап ат берген бір топ панасыз балаларды кездестіріп, олармен бірге тұрған.
Жаңа таныстарымен бірге шұңқырлар мен қоқыс үйінділеріне түнеп, ұрлық жасаған. Епті Марина үйсіздердің арасында тез беделге ие болған. Полицей қызметкерлері қуғанда ағаштарға үнемі өрмелеп, құтылып кететін.
15 жастағы Марина
Жақсы өмірдің бастауы
Оны 14 жасында көп балалы Мария есімді әйел асырап алады, сөйтіп қыздың даладағы өмірі аяқталадыі. Анасы оны Ұлыбританияға тоқыма мамандығы бойынша оқуға жіберді. Англияда Марина болашақ күйеуі Джон Чапманмен кездесті. 6 айдан кейін олар үйленген. Марина мен Джон Чапман қазір Йоркширде тұрады. Әйел ұзақ жылдар бойы Брэдфордтағы Ұлттық медиа мұражайында аспаз болып жұмыс істейді. Джон мен Маринаның екі қызы мен немерелері бар. Кейде Марина немерелеріне ормандағы ягуарлардан қашып, ағаштарға қалай шыққанын айтып береді. Адамзат әлеміне оралғанына 60 жыл болса да, әйел жануарларға тән кейбір әдеттерін сақтап қалған. Мысалы, кейде төрт аяқпен қозғалуды жөн көреді. Чапман өзінің "ішіндегі маймыл қызбен" әлі де күресетінін айтады.
Марина мен Джон Чапман 1978 жылы үйлену тойы
Мария Чепманның "Аты жоқ қыз" кітабында сипатталған қызықты өмір кез келген адамның қолынан келе бермейді. Кейбіреулер бұл әйелдің әңгімелерінің растығына күмән келтіреді. Колумбиядан келген дәрігер Карлос Конде Маринамен жұмыс істеп, қызықты қорытындылар жасады. Чапман мен капуцин маймылдарының фотосуреттерін пайдаланып, әйелді шындық детекторында сынаған. Нәтижесінде Конде Маринаның әңгімесі толығымен шындық деген қорытындыға келген.