- Негізгі бет
- Әлемтану
- Мансабы дүркіреген 5...
Мансабы дүркіреген 5 жануар
Кей жануарлар адамдарға қарағанда әлдеқайда бай әрі данқты болған. Бүгін мансабы дүркіреген 5 жануарды назарға ұсынамыз.
Рим: Абыз ат
"Калигула" фильмінің кадры, 1979 жыл. Дереккөз: theredlist.com
Юлий Цезарьдан бастап барлық Рим патшалары қайтыс болғаннан кейін "құдайландыру" рәсімінен өтті. Бірақ құдайға айналған (divus) адамдар бәрібір аңыздағы ежелгі құдайларға (deus) тең болмады. Патша Калигула тірі кезінде өзі үшін толық құдайға ғана тән бар құрметті талап еткен бірінші адам болды. Оны растайтын "Юпитер" деп аталатын мемлекеттік құжаттар бар. Кейбір ғибадатханаларда Калигуланың түр әлпетімен алмастыру үшін құдай мүсіндерінің басын алып тастаған.
Патшалардан айырмашылығы, аңыз бойынша құдай дәстүрлер мен теріс пікірлерге сыйластық білдірмесе де болады. Сол себепті Калигула атты өзінің серігі етіп, оған Инкитатус деген ат берген. Оны діни оқу орнының мүшесі етіп, аңыз бойынша консул етіп тағайындамақ болды. Оған ақ мәрмәр қора және піл сүйегінен тамақ ішуге ыдыс жасаған. Атты інжу алқалармен безендіріп, күлгін матамен жапқан. Калигула оны қонаққа шақырғанды жақсы көрген, оны алтын жалатылған арпа дәндерімен тамақтандырып және өзінің сүйікті үй жануарының денсаулығы үшін тост көтерген.
41 жылы сенаторлардың Калигулаға қастандық жасауы Инкитатусты консул ету ниеті жай әзіл ме әлде шыны ма білуге тосқауыл болды. Жануардың одан кейінгі тағдыры белгісіз.
Жапония: Сарай күтушісі атанған мысық
Утагава Тоёкуни III, 1786-1865. Фото: Hiraki Ukiyo-e Foundation
"Жерге екі аяқтап отырғаны түпсіз терең үңгірден тапқан қымбат нефрит тасы іспеттес. Дыбыс шығармай, жай қозғалғанының өзі бұлттағы қара айдаһарды еске салады. Бірде оған "сенің бар болмысың инь мен янь күшіне ие" дедім.
Бұл IX ғасырдағы жапон император Уданың өзінің қара мысыңы туралы жазғаны.
Әлдеқайда оқшау орналасқандықтан, жапондар мысықты V-VII ғасырда асырай бастады. Жапон тарихындағы ең жоғары дәрежелі мысық император Итидзё (980-1011) сарайында өмір сүрген. Оның "ішкі сарайдың бас күтушісі" деген атағы екі ең жақсы сарай ақындарынан жоғары болды.
Мәртебелі күтуші қызыл жіппен байланған. Ол сарай сыртында күнге қыздырынғанды жақсы көретін болған.
АҚШ: ветеран ит
Синдбад соғыстан кейін өз суретін жарнамалау үстінде. Фото: US Coast Guard / uscg.mil
1937 жылы АҚШ жағалау күзетіне тиесілі "Джордж Кэмпбелл" кемесінің экипажына біреу қосылады. Ол тұқымы белгісіз ит болатын. Экипаж оны Синдбад деп атады. Ит өскен кезде оған құжаттар рәсімделіп, арнайы форма және жеке гамак берілді. Синдбад – АҚШ әскерінің тарихындағы мүлік ретінде қарастырылмаған, әскери қызметкер мәртебесі бар екі иттің бірі.
Жағалау күзетінде 11 жыл қызмет еткені үшін Синбад "тұздалған итке" айналды, өйткені ағылшындар тәжірибелі теңізшілерші солай атаған. Экипаж мүшелері итті жағалау жанындағы барларға өздерімен бірге апарған, онымен бірге ішімдік ішіп, өзге иттермен төбелескені үшін жазаламаған.
"Джордж Кэмпбеллмен" бірге саяхаттаған Синдбад неміс сүңгуір қайығының соғылуынан және Люфтваффе ұшағының шабуылынан аман қалды. Капитан ит кеменің суға батпайтынына кепілдік береді деп сенді. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында ол бас кіші офицер атағын, 6 медаль лентасын алды. Сонымен қатар бүкіл елге танымал болды. 1948 жылы ит зейнетке шығып, қалған өмірін Нью-Джерсидегі маякта өткізді.
АҚШ: Президенттікке ұсынылған шошқа
1968 жылы 23 тамызда АҚШ тарихында алғаш рет президенттікке үміткер ретінде жануар қатысты. Пигасус атты белсенді Джерри Рубин сатып алды. Джерри Халықаралық жастар партиясының мүшесі еді. Шошқаны үміткер ету арқылы олар Вьетнамдағы соғысқа қарсылығын және капиталистік жүйеге деген қарсылығын білдірген.
Жануар барлығын таң қалдырды. Пигасустың президенттік сайлауға қатысуы жөнінде пресс-конференция өтіп, оның сөзін партия мүшесі халық алдында оқиды. Оны полиция қызметкерлері тоқтатып, қоғамдық тәртіпті бұзған 8 адам мен президенттікке үміткерді қамауға алды. Кейін Пигасус фермаға оралып, біраз салмақ қосып алды.
Норвегия: Басқолбасшы пингвин
2016 жылы 22 тамызда Нильс Улаф III Норвегия Корольдік гвардиясының бас қолбасшысы дәрежесіне көтерілді.
Шотландиялық гвардияшылар хайуанаттар бағын алғаш рет 1961 жылы әскери оркестр фестивалі кезінде аралады. Норвегиялықтар пингвиндердің патшалық отарына ерекше қызығушылық танытты және 1972 жылы лейтенант Нильс Эгилиен командирлерді олардың бірін қатарға қосуға көндірді.
Пингвинге Эгилиен және Норвегия королі Улаф V құрметіне Нильс Улаф есімі берілді. Вице-ефрейтор шенімен ол Норвегия Корольдік гвардиясының ресми символына айналды.
Содан бері пингвинге сержант, полк сержанты, құрметті полк сержанты шендерін тапсырып, 2005 жылы құрметті командир атағы берілді.
Бүгінгі Нильс Улаф — ел тұмары болған осымен үшінші пингвин және Норвегия гвардиясының ресми бас қолбасшысы.
Т. Есқали