Жеті айлық ұшудан кейін Қытайдың Tianwen-1 зонды Марс айналасындағы орбитаға шықты.
Tianwen-1 зонды
Мамыр айына дейін қонуға ыңғайлы жерді таңдау үшін зонд Марс бетін егжей-тегжейлі суретке түсіреді. Содан кейін Марста жүруге арналған қондырғы орналасқан платформа зондтан бөлініп, Қызыл планетаға қонады.
Қытай зондының мақсаты – Марстағы өмірдің іздерін табу және оны адамдар бойына сіңіру мүмкіндіктерін зерттеу. Зонд үш ай бойы планетаны зерттеп, суретке түсіріп, Марс картасын жасауға көмектеседі.
Қытай бұған дейін Марсты бағындыруға тырысқан. 2011 жылы Ресеймен бірлескен жоба сәтсіз аяқталған.
БАӘ-де Марс планетасын зерттеуді бастады
9 ақпанда БАӘ-нің "Аль-Амал" ("Үміт") автоматты планетааралық станциясы шамамен 500 миллион қашықтықты басып өтіп, Қызыл планета орбитасына жетті. Марстың эллиптикалық орбитасында орналасқан бұл құрылғы климат пен планета атмосферасының төменгі қабаттарын зерттейді. Ол үш камерамен жабдықталған.
БАӘ планетааралық станциясы Марс орбитасына шықты. Осылайша БАӘ ғарыш кемесі Марсқа жеткен әлемдегі бесінші мемлекет атанды.
Ғарыш кемесінің гравитациялық өріске шығу жылдамдығы Марсқа жақындағанда сағатына 121 мың шақырымнан 18 мың шақырымға дейін азайған.
Ғарыш станциясының ұшуы өткен жылдың 20 шілдесінде Жапониядағы Танегашима ғарыш орталығынан H-IIA зымыран тасығышымен жүзеге асырылған.
"Амал" зонды алғаш рет Марс атмосферасының толық бейнесін ұсынады. Ол Марстың климатын анықтайтын факторларды белгілеу үшін қолданылады. Миссия шамамен екі жылға созылады.