Қуатты мемлекеттердің 2020 жылға арналған әскери шығыны белгілі болды

2020 жылы әлемдік әскери шығындар 1,98 трлн долларды құрады. Бұл туралы Стокгольмдегі Халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты (SIPRI) хабарлады.

1,98 триллион доллар 2019 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға көп.

2020 жылы жалпы әскери шығындардың 62 пайызы беселге тиесілі. Олар: АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және Ұлыбритания.

Америка Құрама Штаттары – 778 миллиард доллар;
Қытай – 252 миллиард доллар;
Үндістан – 72,9 миллиард доллар;
Ресей – 61,7 миллиард доллар;
Ұлыбритания – 59,2 миллиард доллар

Кейінгі 26 жылда Қытайдың әскери шығыны тұрақты түрде өсіп келе жатқаны ескерілген.


2020 жылға арналған әскери шығындар, аймақтар бойынша

Зерттеушілер атап өткен тағы бір дерек – пандемияның алғашқы жылында да, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 4,4 пайызға қысқарған кезде де, әскери шығындар көбейген.

Нәтижесінде әлемдік ЖІӨ-дегі әскери шығындардың үлесі 2019 жылғы 2,2%-дан 2,4%-ға дейін өскен.

Былтыр Чили мен Оңтүстік Корея сияқты елдерде әскери бюджеттер қайта құрылды, ал Бразилия мен Ресейде әскери шығындар қысқартылды. Атап айтқанда, Ресей қорғанысқа бюджетте жоспарланғаннан 6,6 пайызға аз қаражат жұмсаған.

"Біз 2020 жылғы пандемияның әлем елдерінің қорғаныс саласына айтарлықтай әсер етпегенін байқай аламыз. Пандемияның екінші жылында мемлекеттер осы деңгейдегі әскери шығындарды сақтай ма, жоқ па, оны нақты айту қиын", - дейді доктор SIPRI қару-жарақ пен әскери шығындар бағдарламасының зерттеушісі Диего Лопес да Силва.

2020 жылы АҚШ-тың әскери шығындары шамамен 778 миллиард долларды құрап, 2019 жылдағыдан 4,4 пайызға көп болған. Бұл әлемдегі әскери инвестицияның 39 пайызы.

АҚШ әскери шығындарының 7 жылдық азаюынан кейін соңғы үш жылда тұрақты өсу үрдісі байқалды.

"АҚШ-тың әскери шығыстарының жақында артуы, ең алдымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және АҚШ ядролық арсеналын жаңарту және ауқымды қару-жарақ сатып алу сияқты ұзақ мерзімді жобаларға салынған ірі инвестицияларға байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, Қытай мен Ресей сияқты стратегиялық бәсекелестердің ықтимал қауіптері Трамп әкімшілігін саланы қаржыландыруды көбейтуге мәжбүр етті", - дейді SIPRI зерттеушісі Александра Маркштейнер.

НАТО-ға мүше елдердің барлығы дерлік 2020 жылға қарай әскери шығындарын көбейтті. Ұйымның он екі мүшесі әскери қызметке ЖІӨ-нің 2 және одан көп пайызын жұмсаған.