- Негізгі бет
- Әлемтану
- КСРО кезінде қабырғаға...
КСРО кезінде қабырғаға кілем ілудің 5 себебі
Қабырғадағы кілемді көрсе көптеген адам КСРО кезін еске түсіреді. Қазір қабырғаға кілем ілу ескірген және өте оғаш болып саналады. Неліктен кеңес кезінде үйлердің қабырғасына кілем ілінді? Womanhit оның 5 себебін атады.
Қаржылық жағдайды көрсету
Жұмсақ, түгі ұзын жоғары сапалы кілемдер әлі де қымбат. Ал КСРО кезінде оларды табу тіпті қиын еді. Оны кез келген отбасы сатып ала алмайтын. Тамаша сапалы кілем отбасының әл-ауқатын көрсететін.
Бөлмені жылыту
КСРО кезіндегі ағаш терезелер жылуды жақсы ұстай алмайтын. Ал қабырғадағы кілем үйдегі жылуды тамаша ұстайтын. Кілем неғұрлым қымбат, қалың болса, соғұрлым жылуды ұстауға көмектесті.
Дыбыс оқшаулау
Әдетте "Хрущев" деп аталатын үйлерде қабырға жұқа болатын. Сондықтан адамдар көршілердің музыка тыңдап қана қоймай, сөйлескенін, жөтеліп жатқанын, шәйнектің қалай қайнап жатқанын еститін. Әрине, бұл қолайсыз еді. Сондықтан қабырғалардағы қосымша қабат дыбысты оқшаулады. Қалың кілемдер көбінесе жатын бөлмелердегі қабырғаларға ілінді.
Тұсқағазды сақтау
40 жыл бұрын тұсқағазды жабыстыру оңай жұмыс емес еді. Ол кезде жаққан желім жиі өздігінен ағып, қабырғадағы түсқағазды бүлдіретін. Сондықтан, ешкім әр жыл сайын тұсқағазды ауыстырғысы келмеді, яғни оларды сақтау керек болды. Кілем қабырғаларды кірден және зақымданудан қорғаудың құралы болды: жиһаз тұсқағазда қара із қалдырмас үшін жиі креслолардың немесе диванның артына ілінді.
Қисық қабырғаларды жабу
Ол кездегі пәтерлердің тағы бір ерекшелігі тұрғын үй тез салынды, ал үй-жайлардың сапасы сын көтермейтін. "Хрущев" үйінің қабырғалары қисық болатын. Пәтерге жедел көшкен отбасы қисық қабырғаны жабу үшін кілем пайдаланды.
А. Оралқызы