- Негізгі бет
- Әлемтану
- Көбейтұз көлі және...
Көбейтұз көлі және басқа да ерекше көлдер
Әлемде көптеген қызықты жерлер бар, кейбір адамдар бұл жерлердің бар екенін естісе де сенбейді. Мысалы, Бразилияда кока-кола көлі бар екенін білесіз бе? Жазда оның суы өте жылы, сондықтан мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келеді. “Тәтті сусын көлін” әсіресе балалар жақсы көреді. Сол сияқты елімізде Көбейтұз көлі бар.
Массагет порталы әлемдегі ерекше көлдер тізімін ұсынады.
Кока-кола көлі, Бразилия
Жоғарыда айтылған бұл көл “Араракуара” деп аталады. Ол Бразилияның Рио-Гранди-ду-Норти штатының оңтүстік жағалауында орналасқан. Айта кету керек, суда газдалған сусынның бір тамшысы жоқ. Судың карамель түсі ондағы йод пен темірдің жоғары концентрациясына байланысты. Бұл суды ішу мүмкін емес, бірақ қоректік заттардың көп болуына байланысты суда жүзу өте пайдалы.
Таң шұғыласы көлі, АҚШ
Ерекше атау алған бұл көл Американың Йеллоустоун ұлттық саябағында орналасқан. Тереңдігі шамамен 2200 метр. Сонымен қатар, көл үнемі түсінің өзгеруімен сипатталады: кейде ол күлгін түске, кейде толығымен жасылға айналады. Оның үстіне көлдің табиғаты өте құбылмалы. Әдетте тыныш, бірақ кей күндері бұрқ-сарқ қайнап жатады. Суда бактериялардың көбеюіне жағдай жеткілікті, бірақ туристердің суға тиын лақтыратын әдетінен ол аздап ластанған.
Алтайдағы өлі көл
Ресейдің Алтай аймағында жан-жануарлар да, өсімдіктер де жоқ жұмбақ көл бар. Ғалымдар өсімдіктерді отырғызып, балықтарды және басқа да тіршілік иелерін осы көлге әкеліп, көлді жандандыруға тырысқан. Алайда белгісіз себептермен бір тәулікке жуық уақыттан кейін барлық тірі заттар жойылып, өсімдіктер шіри бастаған. Зерттеушілер судың үлгісін алып, одан өмірге қауіп төндіретін заттарды іздеді, таңғаларлығы, су таза, тіпті ішуге жарамды болып шықты. Қалай болғанда да, бұл экстремалды саяхат әуесқойлары үшін жай ғана көңілді, өте оғаш орын.
Хильер көлі, Аустралия
Аустралиядағы Хильер көлінің суы ашық қызғылт түске боялған. Бұл оғаш көлді алғаш рет 1802 жылы британдық теңізші Мэтью Флиндерс ашқан. Адам денсаулығына қауіп төндірмейтіндіктен, әдеттен тыс суда жүзуге болады.
Көбейтұз көлі, Қазақстан
Нұр-Сұлтан мен Ерейментау қаласының маңындағы тұзды көлдердің бірінде Dunaliella salina біржасушалы балдырлар кездеседі. Көл “Көбейтұз” деп аталады. Ондағы су қызғылт және күлгін түске боялады. Бұл ауа-райына және тәулік уақытына байланысты. Көбейтұз түсін сирек өзгертеді, бұл құбылыс 10 жылда бір рет болады. Ауа-райы өте ыстық болған кезде, яғни жазда қызғылт түске боялады.
Көл таяз, емдік қасиеті бар, буын ауруларына көмектеседі.
Т. Раушанұлы