Азаматтық авиация комитеті 2023 жылы Қазақстаннан қандай халықаралық рейстер ашылатынын айтты.
Ведомствода рейстер географиясын кеңейту жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.
Ішкі трафиктің пандемияға дейінгі деңгейі толығымен қалпына келтірілген (57 бағыт, аптасына 687 рейс).
2023 жылы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады.
Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Анталияға, Алматыдан Бакуге, Тбилисиге, Пхукет пен Малеге рейстерді ұлғайту жоспарланған.
Алматыдан Карачи мен Лахорға әуе рейстерін ашу, Алматы-Дели бағыты бойынша Үндістанға, Алматы-Чэнду бағыты бойынша Қытайға, Алматы-Лондон бағыты бойынша Ұлыбританияға, Алматыдан Бодрумға, Батуми, Ираклион, Подгорицаға рейстерді арттыру жоспарланған.
Астанадан Тбилиси мен Подгорицаға, Астана - Бішкек, Ақтау - Ереван, Алматы - Самарқанд, Шымкент - Кутаиси бағыттары бойынша әуе рейстері қайта басталады деп жоспарланған.
Малайзиялық Air Asia X лоукостер әуе компаниясы 2023 жылы көктемгі-жазғы навигациядан Куала-Лумпурдан Алматыға, Thai Air Asia – Бангкоктан Алматыға рейс ашуды жоспарлап отыр.
Алматы мен Астанаға рейстерді орындау кезінде Air Asia Aviation Group Мәскеу (Ресей), Ыстамбұл (Түркия), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания) және Франкфурт (Германия) қалаларына одан әрі рейстерді жүзеге асыру мәселесін қарастырған.
Qeshm Air әуе еркіндігінің 5-ші дәрежесін пайдалана отырып, Алматы-Токио бағыты бойынша рейстерді ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, «Эйр Астана» Алматы-Тель-Авив бағыты бойынша орта мерзімді перспективада Израильге аптасына 2 тұрақты рейс жасау мәселесін қарастырып жатыр.
ААК сонымен қатар аптасына 477 рейс жиілігімен 108 бағыт бойынша әлемнің 30 еліне халықаралық рейстер қалпына келтірілгенін еске салды. Олар Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран, Черногория, Италия, Қытай, Вьетнам, Сейшель аралдары.