- Негізгі бет
- Әлемтану
- Қаны көк түсті...
Қаны көк түсті семсерқұйрық адамға зиян ба?
Әлемдегі ең ежелгі теңіз жануары семсерқұйрық бір көрген адамға өте қорқынышты көрінеді. Дегенмен, оның зияны жоқ. Ғалымдар олар динозаврларға дейін пайда болғанын, шамамен 350-450 миллион жылдан бері жер бетін мекендейтінін алға тартады.
Семсерқұйрықтың тісі жоқ, сол себепті өз қорегін бірінші құйрығымен ұрғылап, бөлшектеп тастайды. Содан кейін ғана оны жұта бастайды. Сонымен қатар, сырт келбетіне қарап оны теңіз шаянына ұқсатып жатады. Алайда ол көбірек сарышаян мен өрмекшіге ұқсайды. Оны халық арасында "көп көзді жануар" деп те атайды. Өйткені оның тек алдында ғана емес, жанында да көздері бар. Ол оған жемтіктерін аулауға көмектеседі.
Адамдарға әдетте шабуыл жасамайды. Бірақ терең емес, жылы суды ұнататындықтан жиі жағалауға шығып қалады. Сондай жағдайда аяқпен басып кетіп, жарақат алу қаупі бар. Одан бөлек, Қытай, Вьетнам халқы тағам түрінде қолданады. Жас семсерқұйрықтардың етінде токсиндер болатындықтан, оны дайындамастан бұрын улы заттардан тазартып алу керек. Егер ол бойында қалып қойса, адам өліміне алып келеді.
Ал көк түсті қаны бүгінде медицинада кеңінен қолданылады.