Жабайы мысықтардың барлық түрі жойылу алдында тұр. Қауіпті жолбарыстар, әдемі арыстандар, жел сияқты жылдам гепардтарды ғалымдар алдағы 50 жыл ішінде мүлдем жойылып кетеді деп есептейді. Назарыңызға сирек кездесетін мысықтардың 10 түрін ұсынамыз.
Суматра жолбарысы
Суматра жолбарысы басқа мысық түрлеріне қарағанда агрессивті жыртқыш саналады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметіне қарағанда, жер шарында 400-дей ғана суматра жолбарысы қалыпты. Сондықтан кей елде оны сақтап қалу үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Мальта жолбарысы
Бұл жануардың сирек кездесетіні сонша – тіпті ғылыми қауымдастық оның бар екеніне күмәнмен қарайды. Осы уақыт аралығында адамзат көк жолбарыспен бірнеше рет қана кездескен. Оның тек Гималай тау жоталарында өмір сүретіні ғана белгілі.
1910 жылы Америкалық миссионер аңшы Хәрри Колдуэлл Фуджоу маңында көк жолбарысты аулаған. Бұдан бөлек Оңтүстік Кореяда болған АҚШ жауынгерлері де көк жолбарысты көргендерін хабарлаған. Карл Шукердің "Әлемнің жұмбақ мысықтары" кітабында көк жолбарыс туралы баяндалған.
Бархан мысық
Бұл ерекше жаратылыспен кездесу үшін шөлге бару керек. Бархан мысықтары ыстық пен құрғақшылықты жақсы көреді, олар тек түнде аң аулайды. Сырт көзден жасырынып жүретін, өте сақ мысықты зерттеу ғалымдарға қиындық туғызып келеді. Екінші жағынан, дәл осы өмір салты – жануарлардың браконьерлер тұзағына түспеудің бірден-бір жолы. Себебі олардың терісі құнды саналады.
Ақ арыстан
Жалпы, ақ арыстан жеке түр деп саналмайды. Оның түсінің себебі – лейкемия генетикалық ауруымен байланысты. Бұл әдемі жануарлар табиғатта өте сирек кездеседі.
Алтын мысық (Caracal aurata)
Экватордағы Африка ормандарының деградациясы Caracal aurata мысығының популяциясының бұзылуына себеп болды. Жергілікті пигмий тайпасында жойылып бара жатқан жануарлар туралы түсінік жоқ. Олар үшін бұл мысықтың әсем құйрығы – жабайы табиғаттың керемет аң аулау тұмары саналады. Ал терісі тұрмыстық заттарға қолданады.
Сервал
Сервал немесе Бұта мысығы (лат. Leptailurus serval) – сүтқоректілер класының жыртқыштар отряды, мысықтәрізділер тұқымдасына жататын жабайы мысық. Гепард пен сілеусіннің буданынан туған бұл жануар уақытында байлардың танымал ойыншығына айналды. Жатыр мойны оңай ұстауды үйренеді және үй мысығымен де тиімді сөйлесе алады. Африка саванналарында өмір сүру бұл жануар үшін оңай емес. Себебі ол жыртқыштар үшін оңай олжа болса, ал адамдар терісіне қатты қызығады.
Маргай
Ұзын құйрықты мысық Оңтүстік Американың ылғалды және қалың ормандарын мекендейді. Маргай бүкіл өмірін ағашта өткізеді. Ұзын құйрықты мысықтың білегі 180 градусқа айнала алады, бұл жануардың ағаш діңінен оңай түсуіне мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, маргай терісі өте қымбат болғандықтан браконьерлердің арқасында бұл мысық түрлері жойылып барады.
Испан сілеусіні
Испан сілеусіні жойылу алдында тұрған мысық түріне жатады. Қазір бұл мысықтардың 140-тайы ғана қалған. ХХ ғасырдың басында испан сілеусінінің саны 100 мыңнан асатын болған. Олардың жойылып кетуіне алдымен инфекция салдарынан азығы саналатын қояндардың сиреуі, адамдардың оларды заңсыз аулауы және табиғи ортаның жалпы өзгеруі, урбанизация, қарқынды ауылшаруашылық қызметі себеп болған.
Суматра мысығы
Көзі үлкен, аяғы мен құйрығы қысқа бұл мысық түрі аниме кейіпкерлеріне көбірек ұқсайды. Мысықтардың бұл түрі сирек кездеседі, тіпті оның табиғатта қанша қалғаны мәлім емес.
Қар барысы
Қар барысы, ірбіс (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Көп түркі және көшпенді елдері үшін, барыс тотем әрі қасиетті саналады. XX ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанда барлығы 180-200-дей барыс бар екені анықталды, ал қазірде бұл көрсеткіш 120-130-дай ғана. Жалпы әлемде бұл мысық түрінің 4 мыңдайы ғана қалған. Олардың жойылуына ауыл шаруашылығының таудың биік шыңдарына көшуі себеп болған. Мал шаруашылығы салдарынан барыс азығы саналатын жабайы тұяқтылар азайып кеткен. Оған броконерлердің барысты жиі аулауын да қосуға болады.