- Негізгі бет
- Әлемтану
- Жаңа жылды әлем...
Жаңа жылды әлем қалай тойлайды?
Жаңа жыл әр халықтың асыға күтетін мерекесі. Себебі, күндіз-түні қарбалас тіршілікте жүретін адамдар мерекенің арқасында бір-біріне көбірек көңіл бөліп, алыстағы ағайынын хабарласып құттықтап, айналасындағы жақындарына сыйлық беріп арқа-жарқа болатын кезі. Осы орайда Массагет әлем халықтарының жаңа жыл мерекелері тарихына үңіліп, олардың бір парасын назарларыңызға ұсынып отыр.
• Мысырда Жаңа жыл жаз айларының басында, Ніл өзенінің құяр жерінде тойланған;
• Ежелгі Грекияда Жаңа жыл жазғы күн тоқырауы – 22 маусымда тойланып, шарап құдайы Диониске арналған;
• Ресейде Жаңа жыл 1 қыркүйекке келеді. Тек 1700 жылдан бастап Петр I жарлығы бойынша Жаңа жыл 1 қаңтардан бастап тойланады. Патша жаңа жылды тойлауды, жаңа жыл түнінде от жағуды, үйді жасыл желекке бөлеп, бір-бірін құттықтауды бұйырған. Бұл кезде шерулер өтіп, түрлі-түсті зымырандар атылған осы әдет әлі де сақталып келеді;
• Жаңа жылда сыйлық жасау дәстүрі Ежелгі Римде пайда болды, олар бір-біріне сәттілік пен бақыттың символы лавр жапырағын сыйлады;
• Германиядағы басты мереке – Рождество. Жасанды шырша мен шыныдан жасалған ойыншықтар алғаш рет Германияда пайда болды. Жаңа жылдың өзі Германияда екінші мереке ретінде тойланады;
• Австрияда Жаңа жыл қарсаңында болашағын болжау дәстүрге айналған. Олар әртүрлі пішіндерді сатып алады, содан кейін оны ерітіп, контейнерге құяды. Ал олар қалыптасқан форма арқылы болашақ өмірлерін болжайды;
• Британдықтар үшін Жаңа жыл алдында киім бағасының күрт құлдырау құбылысы өте маңызды. Сондықтан британдықтар дастарханға қызықпайды, өйткені көп киім алу керек;
• 1 қаңтардан басталатын күнтізбені Рим императоры Юлий Цезарь енгізіп, ол тарихта "Юлиан күнтізбесі" деген атпен қалды;
• Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласына әлемдегі ең биік шырша орнатылған. Оның биіктігі – 76 метр;
• Австралияда жаңа жылда екі рет отшашу болады. Оның бірі түнгі тоғызда балалар үшін, екіншісі сағат тілі түнгі 12-ні соққанда үлкендер үшін жасалады;
• Эскимостар Жаңа жылды алғашқы қар жауған күні қарсы алады;
• Аргентинада жаңа жыл күні кеңсе қызметкерлері ескі құжаттарды терезеден лақтыру дәстүрі бар. Бірде газет мекемесіндегілер қағаз лақтыруға қызу кірісіп кеткені сонша, бүкіл газет мұрағатын лақтырып тастаған екен.
Т. Раушанұлы