Италияға саяхаттағанда нені білу керек?

Италияға саяхаттағанда нені білу керек?
Фото: boombate

Италия полициясы туристерден Сардиния жағажайларынан ұрланған 90 келіден астам құм, тастар мен ракушкалар тәркіледі. Бұл туралы Sky News хабарлады.

Жергілікті полиция 40-тан астам саяхатшыға жағажайлардан құм ұрлағаны үшін айыппұл салған. Айыппұл құны 500-3000 еуроны құраған (260 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін).

"90 келіден астам құм, тастар мен ракушкалар жағажайға қайтарылды", – делінген Италияның қаржы полициясы хабарламасында.

Полиция Olbia Costa Smeralda әуежайында ұшып бара жатқан жолаушыларды үнемі тексеріп отыратынын ескертті.

Сонымен қатар, жағажайдан құм сатуға болатын жерлерге бақылау жүргізіліп жатыр. Бұған дейін аралдан құм сатып алу туралы ондаған жарнама табылған. Басылым итальялық аралдың ақ құмы заң арқылы қорғалатынын және оны ұрлап алғандарға көп айыппұл салынатынын, кейде түрмеге қамалатынын айтты.

Т. Раушанұлы