- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ғылым түсіндіре алмайтын...
Ғылым түсіндіре алмайтын таңғажайып жерлер мен құбылыстар
Планетада ерекше һәм мүлдем жұмбақ жер өте көп. Кейбір құбылыстарға түсінік жоқ. Бүгін біз сіздерді ғаламшардағы ғылым да түсіндіре алмайтын бірнеше таңғажайып жермен таныстырамыз.
Қисық орман
Бұл орман Польшада орналасқан және 400-ге жуық ағаш діңінің қисық болуымен ерекшеленеді. Бұл ағаштар 1930 жылдар шамасында егілген. Сол уақытта орманда әскери іс-қимылдар болған болуы мүмкін. Бірақ 400 қарағай неліктен қисық өскенін анықтау мүмкін емес.
Рон мен Арв өзенінің нақты шекарасы
Бұл өзендер Женевада орналасқан. Екі өзенннің суы бір-бірімен араласпайтынымен ерекшеленеді. Судың тығыздығы мен құрамындағы айырмашылықтарға байланысты бұл шектеу еш кедергісіз айқын көрінеді.
Су астындағы өзен
Мұндай өзен Қара теңіз түбіндегі тұщы су мен күкіртсутек шекарасында орналасқан. Теңізде күкіртсутектің болуы себебінен осындай құбылысты байқауға болады. Әлемде мұндай су астындағы өзен өте көп, қара теңіз өзені солардың ең атақтысы саналады.
Егіздер қаласы
Үндістанда таңғажайып нәрселер көп, сондай ғажайып жердің бірі –Кераладағы Кодинхи ауылы, оны "егіздер ауылы" деп те атайды. Бұл жерде 1000 адамға 45 егізден келеді. Дәрігерлер бұл құбылысты толық түсіндіре алмайды, әр түрлі болжамдар айтады, дегенмен олар бірнеше жылдан бері ауылды зерттеп жүр.
Бүгінде ауылда 220 егіз, ал үш отбасында үшем бар. Кодинхида 2000 отбасы ғана тұрады. Ең қарт егіздер 1949 жылы дүниеге келді, мұнда жыл сайын шамамен 15 егіз дүние есігін ашады.
Патом жанартау кратері
1949 жылы табылған бұл жанартау кратері Ресейдің Иркутск облысында орналасқан. Бұл формада кратердің пайда болу себебі неде екені белгісіз, бірақ оның мөлшері, пішіні және биіктігі үнемі өзгеріп отырады. Яғни, ол әлі тірі.
Саргассо теңізі
Саргассо теңізі жағалауы жоқ теңіз саналады. Ол Атлант мұхитының аймағында орналасқан. Оның атауы Sargassum тектес балдырлардың көп мөлшерінде орналасқанына байланысты қойылған. Оның барлық жағалауы мұхитпен қоршалған.
Т. Раушанұлы