Грекия туристер үшін ашылады

15 мамырдан бастап коронавирус вакцинасының екі дозасымен вакцинацияланған немесе теріс тестілеуден өткен туристер Грекияға карантин талаптарынсыз келе алады.

Грекия премьер-министрі Кириакос Митсотакис елдегі санкцияларды алып тастау жоспарын жариялады.

Бұл елде тұтынушыларға қызмет көрсететін мейрамханалар мен кафелер 3 мамырдан бастап, мектептер 10 мамырдан бастап ашылады.

Сонымен бірге, елдегі қазіргі коменданттық сағат сақталады. Енді ғана режим 21:00-де емес, 23:00-де басталады.

©gazeta.ru

Өткен жылдың қараша айында Грекияда локдаун енгізілген болатын.

Worldometer веб-сайтының хабарлауынша, Грекияда пандемия басталғаннан бері шамамен 343 мың адам коронавирусты жұқтырған және 10,3 мыңға жуық науқас қайтыс болған.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясынан қатты зардап шеккен әлем елдері туризмді дамытуды қайта жолға қойып жатыр. Осыған дейін Мальта үкіметі елге келген туристерге 200 еуро беруге дайын екенін хабарлаған болатын.

Мальта туризм министрі Клейтон Бартолоның айтуынша, ел үкіметі турист бес жұлдызды қонақүйден орын алған болса, сол туристке 100 еуро, қонақүйге тағы 100 еуро береді. Төрт жұлдызды қонақ үйде тұрғандар жалпы 150 еуро, ал үш жұлдызды қонақүйден орын алғандар 100 еуро алады.

Үкімет саяхатшыларды осылай ынталандыру арқылы биыл 35 мың турист тартқысы келеді. Мальтаға 2019 жылы 2,7 миллион турист келген болса, коронавирус пандемиясы басталғаннан бері көрсеткіштер 80 пайызға төмендеген.