Польшаның қазына іздеушілері Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер жинаған 48 қорап зергерлік бұйымның қайда екені туралы жаңа ақпаратты тапты.
The Sun-ның хабарлауынша, қазына Польшаның Ополе провинциясындағы Минковский ауылындағы XVII ғасырда салынған сарайдың астында жасырылған болуы мүмкін.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қазыналардың арасында «Бреслау алтыны» - су өткізбейтін қораптардағы құнды қағаздар мен мұражай экспонаттары болуы мүмкін. Сарай астына 10 тоннаға жуық алтын жасырылған деп есептеледі.
Қазынаның жалпы құны 700 миллион долларға бағаланған.
Айта кетейік, "Гитлердің қазынасы" бірінші кезекте СС офицері Эгон Олленхауэрдің күнделікті беттерінен белгілі болған. Ол күнделігінде 260 жүк көлігіне тиелген алтын, бағалы монеталар мен зергерлік бұйымдар туралы айтқан болатын.