Терезеден табиғатқа қарап күздің солғын да тұнжыраған келбетін көріп жабырқамаңыз. Себебі, бұл күздің өзіне тән заңдылығы. Бұл мезгілдің толыққанды тамаша көріністерін көріп баға беретіндей мекендер бар. Ендеше осы мекендерге визуалды саяхаттап қайталық.
1. Ұлыбритания, Суссекс корольдігі
Англияның оңтүстік-шығысында орналасқан бұл байырғы корольдік жыл сайын мыңдаған профессионалды фотографтор мен туристерді қабылдайды. Ұлыбритания тұрғындары бұл мекенге демалыс күндері келсе, ал басқа еуропалықтар бір аптадай демалуды құп көреді. Бұл мекеннің бұлай елді қызықтыру себебі, аумағы кең бақ пен паркі бар корольдікті түстердің нағыз керемет көрінісі билеп тұруымен түсіндіріледі. Шынымен де, бұл ғаламат құбылыс 2-3 аптаға созылады.
2. Қытай, Юньнань
Қытайдың Юньнань провинциясы жыл он екі ай қызыққа толы. Ұлттық өнімдер өсірілетін, көркем бояумен көмкерілген қабатты жолдар жерге жайылған кілем тәрізді. Жазда тек жасыл түсімен ғана ерекшеленсе, күзде алтын және шымқай қызыл түспен әрленеді. Алайда басты шарт, бұл – таңғажайып табиғат көрінісін қызықтай үшін таумен биік өрлеу не қоңсы қыратқа көтерілу қажет.
3. Франция, Бургундия
Атақты жүзім шарабын өндіруші өлке тек көңіл көтеретін ішімдіктерімен ғана емес, сонымен қатар қанық түсті табиғатымен де келушілерді қуантады. Жүзімдіктер көз жеткенге дейінгі кеңістікті көлбеп жатыр. Жапырақтардың түстері қазан айында алқызыл түстен күлгін түске ауысады. Бұл мекендегі кез келген шағын ауылдан қызғылт аңғарды көріп тамсануға, егістіктегі өнімдерді жинауға қатысуға, одан кейін жаңа дайындалған жүзім шарабы өнімін ішіп, ләззат алуға болады.
4. Аустрия, Тироль
Әртүрлі түске ие болмаса да Тироль өзінің әдемі алтын түсті пейзажымен ерекшеленеді. Таза салқын ауа, мөлдір су. Кең де шегі жоқ аллеяда қыдыруға немесе аулада отырып дәмді кофе ішуге болады. Тироль күзі жалғыз демалуға таптырмайтын мекен.
5. Финляндияның оңтүстік аймақтары
Ал Финляндияда күздің ерек те керемет мезгілін қызықтау үшін қаладан шетке шығудың да, саябаққа барудың да қажеті шамалы. Елдің оңтүстік аймағындағы қалалық жердің біраз үйлері мен ауылдық жер тұрғындары жабайы жүзімдіктердің қазан айындағы қызғылт түсін көре алады. Сарайлар мен үйлерді, гараждар мен бағандарды ашық түсті оюлармен безендіріп шынайы ертегі әлеміне айналдырады. Егер орманға жете қалсаңыз көңіліңізге еш қаяу түспейді. Орманның қараңғы бөлігінде қарағайлар мен алтын қайыңдар келісті келбет түзген.
6. Швейцария, Женева
Женеваның көлінде саяжайда бірнеше уақыт тұрып, демалу - талғамы ерекше эстеттерге тән. Әртүстес ағаштардың үйлесімділігі, ашық аспан мен топырақ түстес көл суы өнерден ауылы алыс адамға да шабыт сыйлап, қолына қалам ұстатардай қанат бітіреді. Егер шабыт, муза сізге еш қонбай көңіліңізді жайландырмаса, қазан айының соңында Женева көліне аттаныңыз. Осы мерзімде сиырдың оралуына байланысты мереке кезі келеді. Швейцария қоңыр сыйырлары Альп жуасынан оралады, ал бұл өз кезегінде жергілікті халықтың бір мерекесіне себепші болады.
7. АҚШ, Йеллоустоун
Алтын түсті жапырақтар көрінісіндегі тау мен көк теңіз кемерінде суретке түскенді қалайсыз ба? 90% жағдай мынаны айқындап береді: сіз Вайоминг штатында орналасқан Йеллоустоун немесе Гранд-Титон американ парктерін көруді қалайсыз. Мұнда күз мезгілі қысқа, барлық керметті қар бір сәтте жауып қалады, сол себепті автобустар мен поэздарға билет сатылым жаз мезгіліне қалады.
8. Жапония, Хоккайда аралы
Кім бір орында отырудан жалықса және жапон қарағайларының сұлулығын көзімен көргісі келсе қазан айында Хоккайда аралына аттанғаны жөн. Дәл осы жерде туристер үшін атақты және ешқандай әскери қимылдар мен әрекеттерге қатысы жоқ «қызыл фронт» басталады. Солтүстіктен оңтүстікке ақырындап күз мезгілі сырғыған сайын қарағайдың жапырақтары қызыл реңкке ене бастайды. Хоккайда аралында болмаса да, тәжірибиесі бар туристтер бірнеше қонақ үйлерге тапсырыс бере отырып бүкіл аралды аралап шығады. Бұл аралға алғаш барғалы тұрғандар үшін тур қызметін жалдауға не автокөлікті жалға алуға кеңес береміз.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: krabov.net