Кей елдерге адамдар жаңа эмоция іздеп емес, ерекше тағам дәмін сезініп, сусынын ішу үшін барады. Бұл да туризмнің ерекше түрі. Назарға ең дәмді кофе дайындайтын 5 ел тізімін ұсынамыз.
Бразилия
Бұл ел тұрғындарың кофенің өте танымал түрлерін ішеді: бурбон және мундо ново. Біріншісі ерекше дәм мен хош иіске ие, бірақ екіншісін өсіру өте оңай. Өйткені бұл кофе дәндері кез келген жағдайға төзімді. Кофе дәмді дайындалғанымен, кофе мәдениеті дамымаған. Алайда, фермерлерді табуға болады.
Ямайка
Мұнда ең қымбат сорттардың бірі — Blue Mountain өсіріледі. Бұл елде кофе ағаштары өсетін тауларға экскурсияға баруға болады. Танымал плантациялардың бірі — Джаблум. Бұл орынды ұзақ уақыт бойы кофе дәндерін өндірумен айналысқан жапон азаматы құрды, ал қайтыс болғаннан кейін плантация мемлекет қарауына өткен.. Бүгінде Ямайкада өсірілетін кофенің барлық түрлері туралы білуге болатын мұражай бар.
Эфиопия
Бұл ел — кофенің отаны. Сусынның өзі арабиканың жабайы ағаштарын табуға болатын жергілікті Каффа аймағының құрметіне аталған. Дәл осы жерден көшеттер басқа елдерге өсіру үшін тасымалдана бастады. XV ғасырда арабтар арабика ағаштарын экспорттай бастады, кейін олар негізгі жеткізушілерінің бірі болды. Эфиопия кофе дәндерінің отаны болғанымен, мұнда зауыттар жоқ. Фермерлер ағаштарды көбіне өз аулаларында өсіреді.
Үндістан
Кофе Үндістанға Британияның қол асында болған кезде әкелінді. Ағылшындар арабтардың кофе нарығындағы үстемдігін ұнатпады, сондықтан Үндістанды кофе саудасы мен өндірісінің екінші орталығына айналдыру туралы шешім қабылданды. Содан бері біраз жыл өтті. Үндістан шынымен кофе нарығындағы көшбасшылардың біріне айналды.
Италия
Еуропадағы кофе көшбасшысы — Италия. Елде кофенің бай тарихы ғана емес, оның арнайы картасы. Жергілікті баристалар сусын дайындаудың түрлі рецепттерін біледі, сондықтан кофе турын кофеханаларды аралап өткізуге болады.