- Негізгі бет
- Әлемтану
- Бәріне Эйнштейн кінәлі...
Бәріне Эйнштейн кінәлі ме: алғашқы ядролық қару қалай жасалды?
Эйнштейннің алаңдауы адамзат тарихының бағытын өзгертті
1930 жылдары Германияда Гитлер үкіметі орнап, еврейлерді қудалау басталды. Қуғын-сүргіннен құтылу үшін көптеген еврейлер Америкадан баспана іздеуге мәжбүр болды. Олардың арасында Альберт Эйнштейн де бар еді. Эмигранттар арасында химиядағы кейінгі зерттеулерге негізделген бомба жасау бағдарламасын алға тартқан Лео Сцилард болды. Неміс жоспарынан хабардар екі ғалым Рузвельтке немістер атом бомбасы жарысында жеңіске жетуді мақсат етіп отырғанын ескертуге шешім қабылдады. 1939 жылы 2 тамызда президентке хат жазылды. Хатты Рузвельтке 11 қазанда Рузвельттің бейресми кеңесшісі және Wall Street Journal экономисі Александр Сакс жеткізген. Онда Германия уранды пайдаланып тізбекті реакциялар бойынша зерттеулер жүргізіп жатқаны айтылған. Тәжірибе көрсеткендей, бұл тізбекті реакция арқылы орасан зор қуат өндіруге және сол арқылы керемет жойғыш бомба ойлап табуға болатын.
"Қызыл түйме" қаупі: Кімде қанша ядролық қару бар?
Лос-Аламос ұлттық зертханасы/ © The LIFE Picture Collection/Getty Images
Ядролық қаруды ойлап табуға жеткілікті ақша табу туралы ойлаған Рузвельт ең алдымен шешім қабылдамайды. Сегіз күннен кейін, 19 қазанда ол Эйнштейнге жауап жазып, уранды зерттеу жөніндегі комитет құрғанын хабарлады.
© mir
Екінші дүниежүзілік соғысты АҚШ пайдасына шешкен жоба
"Манхэттен жобасы" 1939 жылы АҚШ, Ұлыбритания және Канаданың ынтымақтастығымен басталады. Рузвельт бастапқыда уранмен жұмыс істеу үшін консультативтік комитет құрды. Ғалымдар мен әскерилер тобына уранның ядролық қарудағы маңызын зерттеу міндеті жүктелді. Комитеттің қорытындысынан кейін Рузвельт физиктер Энрико Ферми мен Лео Сзилардқа радиоактивті изотоптарды бөлу және ядролық тізбекті реакцияларды зерттеу үшін қаржы бөлді.
1942 жылы Манхэттенде инженерлік аудан құрылды. Жобаға АҚШ армиясының полковнигі Лесли Гроувз жетекшілік етті.
Физиктер Ферми мен Лео атомдар бөлініп, өзара әрекеттесетін ядролық тізбекті реакциялар бойынша зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде олар "Уран-235" өндірісінде айтарлықтай табысқа жетті.
Бұл кезде Канада үкіметі мен әскері елдің әртүрлі аймақтарында ядролық зерттеулер жүргізіп жатқан болатын. Рузвельт 1942 жылы 28 желтоқсанда атом энергиясын қаруға айналдыру үшін барлық күштерді біріктірді. Нью-Мексико, Теннесси, Вашингтон және Канаданың шалғай жерлері ядролық сынақтар өткізу үшін жабдықталады.
"Сәби" атом бомбасы © mir
Алғашқы ядролық қару сынақтан өткен зертхана
1943 жылы Нью-Мексикода алғашқы ядролық қарулар сынақтан өткен зертхана Лос-Аламос құрылды. Мұнда физик Роберт Оппенгеймер ядролық бөліну тұжырымдамасымен айналысты.
Зерттеулер дерлік аяқталып, 1945 жылы 16 шілдеде Нью-Мексико штатындағы Аламогордо маңындағы шөлде алғашқы атом бомбасы сәтті жарылды. Осы кезде Оппенгеймердің қарамағындағылар уран негізіндегі "Сәби" және плутоний негізіндегі "Мешкей" бомбаларын жасады.
Осылайша, "Манхэттен жобасы" шамамен 2 миллиард долларды құрап, 130 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды. Жұмыс Манхэттенде басталғанымен, ядролық қаруды өндіру және зерттеу АҚШ, Ұлыбритания және Канадада 30 жерде жүргізілді.
Ажалға тоймайтын – "Мешкей" атом бомбасы © wikipedia
"Сәби" мен "Мешкей" Жапонияда жару
1941 жылы Жапонияның Перл-Харборға шабуылынан кейін Америка Құрама Штаттары Екінші дүниежүзілік соғысқа кіріп, соғыстың соңында Жапонияға қарсы атом қаруын қолданды. Екі ел арасында келісімге қол жеткізілмеген кезде, АҚШ ядролық қаруды тастау үшін Хиросима қаласын (мұнда америкалық тұтқындар болмаған) таңдады.
1945 жылы 6 тамызда Хиросимаға "Сәби" деп аталатын бомба тасталды. Шамамен 600 метр биіктіктен лақтырылған ядролық қару тасталды. Осыдан кейін де Жапония бағынбаған соң, Нагасакиге "Мешкейді" тастауды ұйғарды. Бұл апат 9 тамызда болды. Жарылыстардан 100 мыңнан астам адам қаза тапты. Жапония 10 тамызда АҚШ-қа берілгенін жариялады.
"Білсем, саусағымды да қимылдатпайтын едім"
1947 жылы Америкада күнде шығатын Newsweek журналында «Бәрі оның кінәсі» деген мақала жарияланды. Онда Эйнштейн АҚШ-ты атом бомбаларын жасауға шабыттандырды деп айыпталған. Ғалым бұл ісіне қатты өкінетінін айтты.
"Егер немістердің атом бомбасын жасай алмайтынын білсем, саусағымды да қимылдатпайтын едім" деді ол.
Нацистер Эйнштейн мен оның жолдастары қорқатын ядролық қаруды жасай алмады, оларға мидың күші мен уақыт жетіспеді. Өйткені, ол кезде фашистер басып алған аумақтардан көптеген ғалымдар қашып, елде бірінші дәрежелі ядролық ғалымдардың қатары сиреп қалған болатын.
"Манхэттен жобасы" Жапонияға қиындық әкелсе де, адамзатқа қызмет ете алды. Жоба инженерлері әзірлеген ядролық ыдырау технологиясы кейінірек ядролық реакторларды, қуат генераторларын, МРТ аппараттарын жасауға және қатерлі ісік ауруын емдеуге арналған сәулелік терапияның ашылуына әкелді.
Т. Раушанұлы