Бүгінгі байлық яхталар, ұшақтармен өлшенбейді. Басқа мемлекеттің азаматтығын алу – ірі бизнесмендердің, олигархтардың және жай ғана аса бай адамдардың қулығының жаңа түрі. Ал кейбір елдер олардың "хоббиін" толығымен қолдайды.
Бүгін біз азаматтық алудың ең бейтарап шарттары бар елдер тізімін жинадық.
Кипр
Кипр төлқұжатын алу – ЕО азаматы болудың ең жылдам жолы. Кипрге келудің қажеті жоқ. Аралдағы жылжымайтын мүлік құрылыстарының біріне 2 миллион еуро инвестициялау жеткілікті. Алты айдан кейін сізге Еуропа елдерінде еркін қозғалу, тұру, жұмыс істеу және оқу құқығын растайтын құжат беріледі.
Португалия
Португал төлқұжатын алу да оңай, бірақ біраз уақытты алады. Бес жыл ішінде 500 000 еуро көлеміндегі жылжымайтын мүлік сатып алу керек. Тағы бір жылдан кейін сіз қалаған "құрметті кітапша" беріледі. Елде тұрақты тұрудың қажеті жоқ, екі жылда бір рет екі аптаға кіріп-шығу керек. Бірақ португал тілін үйрену қажет. Себебі үкімет сізді тіл сынағынан өтуге мәжбүр етеді.
Испания
Испанияда 500 мың еуроға жылжымайтын мүлік сатып алғаннан кейін уақытша тұруға рұқсат алу үшін бес жыл, ал азаматтық алу үшін он жыл тұру керек.
Грекия
Грек елінің азаматтығын алу үшін 250 000 еуроға жылжымайтын мүлік сатып алу керек. Еуропада тұру құқығының мұндай төмен құнынынң екі жақсы жағы бар. Бірі – бұл елде тұрақты тұрудың қажеті жоқ, екіншісі – өтініш берушінің 21 жасқа толмаған балалары да Грекияның құжатын автоматты түрде алады. Ал, азаматтық жеті жылдан кейін беріледі.
АҚШ
АҚШ үкіметі инвесторларға тұруға рұқсат алудың екі E-2 Visa және EB-5 Investor Visa әдісін ұсынады. EB-5 АҚШ-тағы үкімет мақұлдаған жобаларға кемінде 1 миллион доллар инвестициялағандарға беріледі. Бұл иммиграциялық виза сізге Америка Құрама Штаттарында тұруға, оқуға, жұмыс істеуге және зейнетке шығуға құқық береді. Екінші жағдайда, инвестиция шегі төмен, бірақ бұл бағдарламаны кейбір елдердің азаматтары ғана пайдалана алады.
Гренада
Бұл елдің азаматтық алу үшін 200 000 доллар қайырымдылық ісіне беру керек немесе 350 000 доллар жылжымайтын мүлік сатып алу қажет. Гренада төлқұжаты 127 елге визасыз баруға және АҚШ-тың E-2 бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
Вануату
Вануату – Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ел экономикасына инвестиция салу үшін төлқұжатын ұсынатын жалғыз ел. Азаматтық алу көп уақыт алмайды. Бір айдан екі айға дейін күту қажет. Төлем мөлшері отбасының санына байланысты. Өтінім беру бір адамға 220 000 доллар және төрт адамнан тұратын отбасы үшін 280 000 доллар төлеу қажет.