- Негізгі бет
- Әлемтану
- Әлемдегі қорқынышты "елес"...
Әлемдегі қорқынышты "елес" қалалар
Бұл қалалардың әрқайсысының өзіндік қайғылы тарихы бар. Апаттар, мен соғыстар, жұмыссыдзық тұрғындарға туған қалаларын тастап кетуге мәжбүр етті. Бір қызығы, бұл орындар туристерді өзіне тартады.
Хасима, Жапония
Адамдар бұл жерге 1887 жылы аралда көмір табылған кезден бастап қоныс аудара бастады. Аралды 1890 жылы Mitsubishi компаниясы су астындағы шахталардан көмір алу үшін сатып алған. Хашима аймағында шахталар, әскери зауыттар, тұрғын үйлер, дүкендер, мектеп және зиратқа айналады. 1959 жылы 5259 халқы бар қала өзінің шарықтау шегіне жетті, бірақ 15 жылдан кейін шахталар жабылып, қаланы адамдар тастап кетті.
Агдам, Әзірбайжан
Кезінде Агдамда 150 000 адам тұрған. ХVІІІ ғасырдың ортасында іргесі қаланған қалада халық бірінші Қарабақ соғысына дейін (1991-1994) өмір сүрген. Қақтығыс аясында Агдам қаласы мен ондағы мәдени ескерткіштер жойылды. Бүгінде елес қалада бірнеше қирандылар мен сақталған Агдам мешітін көруге болады.
Украина, Припять
1970 жылы ақпанда негізі қаланған Припять КСРО-дағы тоғызыншы атом қаласы болды. 1986 жылы сәуірде болған Чернобыль апатының салдарынан қала халқы дереу эвакуацияланды. Бүгінде бұл мекен әлемдегі ең әйгілі елес қалалардың бірі. Адам өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, мұнда туристерге арналған экскурсиялар үнемі өткізіліп тұрады.
АҚШ, Сентрейлия
1841 жылы негізі қаланған Пенсильванияда тұрғын үйлер, мектептер, шіркеулер, театрлар, банктер және т.б. болды. Қалалықтардың негізгі кәсібі көмірдің ең жақсы түрі антрацит өндіру еді. 1962 жылы бастап, күні бүгінге дейін жалғасқан шахталардағы жер асты өрттері сол жерден адамдарды эвакуациялануды мәжбүр етті. Кейбір жерлерде, әсіресе, 61-маршрут бойындағы жарықтардан түтін шығып жатқан жерлерде өрт белгілері әлі де байқалады.
Каякой, Түркия
Бүгінде Каякой ауылы мұражай және тарихи ескерткіші. Бір кездері адамдар тұрған 350-ден астам үй түрік үкіметінің қорғауында болғанымен, мүшкіл халде. Грек-түрік соғысының нәтижесінде Каякой қараусыз қалды, ал 1957 жылғы жер сілкінісі оның толық қирауына әкелді.
Ресей, Кадыкчан
12 мың тұрғыны бар қала үлгісіндегі тау-кен қалашығы Кадикчан бүгінде қаңырап бос қалған елес қалаға айналды. 1996 жылы тау-кен апаты жаппай эвакуациялауды тудырды және үйлердің көпшілігі сақталды. Қазірдің өзінде тұрғындардың асығыс көшіп келгенін көптеген үйлердегі қараусыз қалған нысандардан байқауға болады.
Бразилия, Фордландия
Фордландияны 1928 жылы Генри Форд автомобиль өнеркәсібі үшін резеңке өндіру орталығы ретінде құрды. Жоба сәтсіздікке ұшырады - Форд мырзаның резеңке ағаштарын өсіру туралы қажетті білімі болмады, ал аумақ дерлік шашыраңқы еді. Оның үстіне ол жергілікті жұмысшыларды америкаландыруды көздеді. Олар америкалық тағамдарды жеуге және арнайы киім киюге мәжбүр болды, алкоголь мен темекі өнімдеріне де тыйым салынды. Мұндай шектеулер 1930 жылғы толқуларды тудырды.
Чили, Чайтен
Чайтен 2008 жылы іргедегі аттас жанартаудың атқылауы нәтижесінде қала елеске айналды. Жергілікті тұрғындар үйлерін тастап, көрші қалаларға көшуге мәжбүр болды. 2011 жылы Чайтенді қалпына келтіру жұмыстары басталды, бірақ залал тым үлкен еді.
Т. Раушанұлы